Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз: «Табиғат - адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» - деп бекер айтпаған. Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі.
Жақында елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» даму бағдарламасында көрсетілгендей салауатты өмір салтын сақтау мақсатында, ҚАУ жанындағы мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы мектеп директоры Қадырова Қаламқас Қылышқызының басшылығымен, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, Фабричный елді мекеніне жақын жерге орналасқан демалыс орнында саяхат сабақ ретінде «Денсаулық күнін» өткізді. «Тәні саудың – жаны сау», «Шынықсаң, шымыр боласың» деп айтылғандай, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Веселая Лариса Анатольевнаның жетекшілігімен оқушылар арасында әртүрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, эстафеталық сайыс ойындары ойналды. Бұдан мектеп оқушылары таза ауада демалып, табиғат әсемдігінен талғамдық ләззат алды. Сөзімнің соңында, мектеп ұстаздарына оқушылар атынан алғысымды білдіре отырып, осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілек айтқым келеды.
Кеме Қазығұртқа тоқтаған соң, жылан Нұхқа келіп: – Кемедегі тышқан тескен тесікті құйрығыммен бітедім. Ұзақ уақыт суда тұрған денем, мұздап, суық жануарға айналдым. «Жақсылығыңды қайтарамын» деп уәде еткенсің. Енді соны орында. Дүниедегі қаны ең тәтті мақұлықты қорегім ет, – дейді. Пайғамбар келіседі. – Бірақ ненің тәтті екенін қалай білемін? – дейді. – Масаны жұмсайық. Сол тауып келсін. Қан соратын сол ғой, – дейді жылан. Пайғамбар масаны жұмсайды. Маса бар мақұлықтың қанын сорып көреді. Ең тәтті қан адамның қаны екен. Іздегенін тауып, кері қайтады. Жолда оған қарлығаш кездесіп: – Ей, маса, қайда асықтың? – дейді. – Ең тәтті қанды таптым. Соны жыланға айтпаққа асықпын. – Иә, кімнің қаны тәтті екен? – А ң. – Маған да дәмін татқыз, байқап көрейін, – деп өтінеді. – Мақұл, – деп маса тілін шығарғанда, қарлығаш тілін жұлып алады. Тілінен айрылған маса ызыңдап, Нұх пен жыланға келеді. – Тәтті қан таптың ба? – дейді пайғамбар. Маса ызыңдап тұра береді. Ешкім тілін түсініп болмайды. Сол кезде қарлығаш келіп: – Маса маған кездескенде құрбақаның қаны тәтті деген. Бұл соны жеткізе алмай тұр, – дейді. Жылан бір қулықтың болғанын іштей сезеді. Сосын қарлығашқа: – Маса неге сөйлемейді? Оған не болды? – деп сұрайды. – Бақа қанының тәттілігі сондай, маса қомағайлықпен өзінің тілін жұтып қойған, – дейді қарлығаш. Пайғамбар жыланға қарап: – Ал, жылан, масаны жұмсап, қандай мақұлықтың қаны тәтті екенін білдің. Енді қорегің құрбақа болсын, – деп дұға жасайды да кетіп қалады. Сол кезде жылан ызаланып, қарлығашқа тап береді. Ол жалт береді. Құйрығы жыланның аузында кетеді. Содан бастап қарлығаштың құйрығы айыр болып қалыпты. Нұхтың дұғасы қабыл болып, жылан бақаны азық етіпті. Нұх қарлығашқа риза болып: – Ұрпағымды жыланның азуынан сақтадың. Бұдан былай көктемнің жаршысы бол! Мамыражай мезгіл сенімен бірге келсін! – деп бата береді. Тәтті қанға ынтық болған маса содан бері адам қанына үйір болады. Ал, бақа «мені жыланға азық етті» деп, түнде маса аулайды екен.
1
Аптасына үш рет "каратэ" спорттық секциясына барамын.