Жеткен жетістіктерімді айтып мақатанатын ойым жоқ әрине, дегенмен армандау арқылы жеткен жетістіктерімді айтқым келеді. Бала кезімде менің арманым секунд сайын өзгеретін. Бірде Қазақ аруы болудан президент болуға дейін армандайтынмын. Уақыт өте келе нақты бір маман иесі болғың келетінін түсінесің. Мен ес біле келе журналист болуды армандай бастадым. Оған жету жолында жиі армандайтынмын, менде басқа танымал аға әпкелеріміз секілді теледидардың ар жағында сөйлегім келетін. Міне аз қалды қазіргі таңда сол мамандыққа түсу үшін ҰБТ ға дайындық жүріп жатыр. Бала кезімдегі бір оқиға менің журналистикаға деген махаббатымды аша түсті десем қателеспеймін.
Менің ойымша, қазіргі уақытта шет тілдерін білу өте маңызды. шет тілдерді білу біреуіне жұмыс үшін, ал біреуге шет елге саяхаттау үшін ал біреулерге жай ғана қосымша тілдер бос уақытын өткізу үшін керек. адамдар өзге тілдерді сонымен қатар басқа тілде әңгімелесіп, шет елдердің балаларымен араласып көп достар табу үшін қолданады. Және де олар атақты жазушылардың кітаптары мен газет-журналдарды оқу үшін де пайдаланады. Бұл оларға өз білімін тереңдетіп, көптеген мәліметтер алып, түрлі салт-дәстүрлерді үйренуге де көмегін тигізеді.