Объяснение:
“Батыр Баян” поэмасы – Мағжан Жұмабаевтың қаламынан туған шоқтығы биік шығармаларының бірі.Бұл поэма – қазақ топырағында туған тұңғыш психологиялық поэма.Шығармада Баянның елін сатып,қалмақ қызымен бірге қашқан туған бауыры Ноян мен сүйген қызы Бөбекті өз қолымен атуы,кейін қалмақтармен соғыста қаза табуы баяндалған.Баянның бұл әрекеті біз үшін құпия түрде қалады.
Батыр Баянның батырлығында,жаугершілігінде шек жоқ.Ол бір өзі талай жаудың бетін қайтаруға әлі жетеді.Поэманың басындағы:
Көп жаудың албастысы, ел еркесі
Баянның батырлығы алашқа аян.
Баянның аруақты құр атынан
Кӛп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян?-деген жолдар менің сөзімнің дәлелі.
Баянның өз қолымен туғаны мен сүйгенін өлтіруі қызғаныштан емес еді.Иә,хабарды естігенде ол ақылынан айырылып,ашуға мінді де кете барды.Алайда,бұл жауапсыз махаббаттан не дәрменсіздіктен емес.Бұл ісі оның Отанына адал да берік,намысқой,ерлік қасиетін көрсетеді.Менің сөзіме поэмадағы Баянның:
Арқамдай жер жүзінде жер бола ма?
Айбынды алашымдай ел бола ма?
Алашта ертеде өткен екі арыстан:
Ер Көкше, Ер Қосайдай ер бола ма?
Солардың нәсілінен Сары, Баян,
Барыстай ойын салған сар далада.
Інісі Ер Баянның жасық Ноян
Атадан азып туған дер бола ма?,-деген зары дәлел.
Қорытындылай келе айтарым,бұл поэма арқылы жастықтың албырттығын,сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көзсіз ерлікті көреміз.Бұған қоса поэма арқылы тарихымыздың да бейнесін көре аламыз.Ал,батыр Баянның ерлік істері қазіргі жастарға өнеге.
1-В.
2. 1-жалған.2-шын.
3.Қыста балық аулау үшін,судың бетіндегі қатқан мұзды ойып ау салады.
4.Еламан балықшы жағалауда мұз ойып,ау салып жүріп өз өмірін,жалғыздығын ойлайды.
5.Еламан қарапайым балықшы.Ауылда байдың қорлығына шыдай алмай,сес көрсетіп балықшылармен кетіп қалған.Өзі өршіл мінезді,ой түйгіш,көкірегі ояу жан.Бұйығы,айналамен шаруасы жоқ.Қыста жағалауға шығып,сүйменмен мұз ойып, балықшылармен бірге ау салады.Жазушы тұңғиық жанға көкірегіне сәуле түсіріп өзінде,жан дүниесінде өзгерте білген.
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
Қармақшы аудандық оқушылар үйі
«Жас натуралист» үйірмесінің мүшесі
Берікбаева Жансая Ерболқызы
Жетекшісі: Сматова Мархабат Қанибекқызы
Туған жер дегеніміз – әркімнің өзінің туып өскен елі, жері, мекені. Әркім өз елін өзінің алтын мекеніне теңейді. Туған жер әркімге ыстық болып келеді. Мен өз туған жерімді жанымнан артық жақсы көремін. Менің туған жерім – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті. Қармақшы ауданының табиғаты әсем, әдемі, көрікті. Менің туған жерімнің табиғатына қызықпайтын адам жоқ десе де болады, әсіресе алуан түрлі гүлдері жайқалып көздің жауын аларлық. Менің туған жерімде көптеген мектептер, балабақшалар және қызығатын, бос уақытымыз тиімді өтетін оқушылар үйі бар. Қармақшы ауданының тұрғындары бір–бірімен тату–тәтті өмір сүреді. Жалпы Қармақшы ауданы емес, Қазақ елі тату – тәтті, ұйымшыл, заманымыз тыныш. Соған барлығымыз қуанамыз. Қазақстан жерінде он төрт облыс бар, оның ішінде қаншама ауыл, аудандарда жетерлік. Біздің аудан қанша кіші болғанымен, қаншама тұрғыны бар. Ол тұрғындардың барлығы өз елін, туып өскен жерін жақсы көреді. Менің туған жерімнің табиғаты әсем, топырағы құнарлы, шөбі шүйгін. Мен туған жерімді мақтан тұтамын. Біздің Қазақ елін, жерін қаншама жыл бұрын ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған. Аянбай күресіп, қазақ жерін аман алып қалған. Батырларымыз ел үшін, жер үшін аянбай еңбек етіп күрескен. Біз солардың еңбегін ақтап елімізге, жерімізге аяушылықпен қарап, күтіп баптауымыз керек! Маған өз туған жерімнің күні де ыстық, түні де ыстық...