Объяснение:
жаз - төрт мезгілдің бірі. жаз айлары өте ыстық, әсіресе шілде айы. демалысқа шығып, қуанып, асыр салып достарымен таңнан кешке дейін ойнайды. ал кейбірі жүктерін жинап, алыстағы туыстарына жол тартады. жазда күн астында жүріп-ақ қарайып кетесің. мен өзім қызылорда облысының тұрғынымын. қызылордада жаз өте ыстық болады. арасында жаңбыр да жауып тұрады. жаз мезгілінде егін егіп, бақшаның жұмысымен жүресің. не ексең, соны орасың дегендей, қалай еңбектенсең, егіндерін жемісін береді. әрине, біздің көп жейтін жемістеріміз қауын-қарбыз. біз оларсыз жазды өткізе алмаймыз. жаз мезгілінде алыстан құстар ұшып келеді, олар да шуласып, аспанда шыр-көбелек айналып жүреді. сайраған бұлбұлдар, қаңқылдаған қаздар, тақылдаған тоқылдақтар осының бәрі жаздың сәні демейме? ! бақшамызда түрлі гүлдер бүршік жарып, гүлдерін ашуда, оларға бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақты және т.б. жатқызамыз. міне, осылай жазда өтіп кетеді. әне-міне дегенше, күзде келіп, да сабақтарына жол тартады.
Өмірде өз орныңды,өз мамандығыңды дұрыс таңдау қажет.Әр адам ақын боғысы келмейді,біреуі дәрігер,біреуі полиция,біреуі мұғалім болғысы келеді.Осы өмірде адамдар өз мамандығын дұрыс таңдаса,өмірде орнын тапқан деген сөз.Мысалға біреуінде бір қасиет біреуінде бір қасиет бар.Менің қасиетім бір нәрсені жөндеуге құштармын.Сынған затты туралап дұрыстап қойамын.Біреуі құтқарғанды ұнатады.Адамдар осылай өз қасиеттерін өмірде тауып өмірге келген соң,адам болып келген соң,адам болып кету керек.Өзіңде қандай қасиеттер бар екенін білген дұрыс.Осы өмірде орынды табу деп айтылады.
Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізімі
«Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың түрлері мен түршелерінің тізбесін бекіту туралы»