М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Кристина7836
Кристина7836
07.05.2022 09:17 •  Қазақ тiлi

далым Денсаулық — табиғаттың ең қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау
болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді
ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың
алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек?
Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында
демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға
майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған
дұрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың маңызы зор. Спорт – денсаулық кепілі. Спорт
деген тек спортшылардың ғана емес, күллі адамзаттың өмірінде орын алуы шарт. Спортпен
айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз “тәні
саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне
байланысты болады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің
маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы
таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады. Денсаулық — тек жеке
бастың ғана емес, ұлтымыздың да ұлы игілігі. Соны ескере отырып, салауатты өмір салтын
ұстануға ұмтылайық!
1. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.
А) Кім өз шығармасында спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты
бірнеше түрге бөлген?
В) Президентіміздің қолдауымен нешінші жыл денсаулық жылы болып жарияланды?
С) Неліктен салауатты өмір салтын ұстануымыз керек?
Д) Зиянды заттар қандай аурудың пайда болуына себеп болады?
2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты табыңыз.
А) Жасы үлкен кісілерге сүт тағамдарын , көкөністі пайдаланған дұрыс.
В) Егер дәрігер рұқсат етпесе де күн сайын таңертең аулада, саябақта жарты сағаттай
жүгіруе
болады.
С) Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануымыз қажет.
Д) Спортпен тек споршы ғана емес барлық адам айналысу керек.
3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
А) Денсаулық, спорт, өмір, қабілет, тамақтану.
В) Спорт, дәрі-дәрмек, қимыл, серуендеу, көкөкніс
С) Тамақтану, шыдам, спортшы, жүгіру, ұлт.
Д) Дәрігер, салауатты өмір салты, майлы тамақ, мықты, жаттығу.
4. Мақалдың аудармасын табыңыз. «Тәні саудың – жаны сау»

2

А) Спорт - залог здоровья.
В) Здоровье сгубишь, новое не купишь.
С) Закалишься — от болезни отстранишься.
Д) В здоровом теле здоровый дух.
5. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.
А) Спортпен айналысу әр адамның міндетті.
В) Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек, өзін-өзі күте білуі керек, өзін-
өзі
жақсы көруі керек.
С) Денсаулықты сақтау үшін, ең алдымен, уақытында демалу қажет.
Д) Қазақстанда абсолютті 100% дені сау адам жоқ.

👇
Ответ:
Solnyshko8080
Solnyshko8080
07.05.2022

Объяснение:

2 А, 4Д,5ВҚазақстандағы денсаулық жылы -2002

4,5(5 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
fedia228
fedia228
07.05.2022

Ұлтаралық қатынас мәдениеті белгілі бір қоғамдағы әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы қатынастың барлық түрлерінен, еңбекте, күнделікті тұрмыста, көпшілік байланыста көрінеді. Әрбір ұлт өкілі басқа ұлт өкілінің жан тазалығын немесе жамандығын, басқа ұлт өкілдеріне көзқарасын басқалармен салыстыра отырып бағалайды. Басқа ұлт өкілдері бойындағы адамдық жағымды қасиеттерді өз бойына дарытуға, олардағы өмірлік тәжірибе мен шаруашылық жүргізудің озық үлгілерін меңгеруге ұмтылады. Ұлттар мен ұлыстар арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын жалпы мемлекеттік этникалық мінез-құлық нормасы – әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы күнделікті аралас-құралас өмірдегі татулық, адал достық қатынас, өзара түсіністік пен сыйластық, жоғары мінез-құлық мәдениеті мен адамгершілік бір-бірінің ұлттық мақтаныштарына, тұрмыс салтына, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүріне, мүдделеріне және талғамдарына құрмет, көңіл-күйлеріне қаяу түсірмеуге ұмтылушылық болып табылады. Ұлттар мен ұлыстар арасындағы достықты, түсіністік пен келісімді, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға қызмет етеді. Құқықтық мемлекет құруға негіз қалап этникалық ерекшелікке қарамай, тұрмыстың ортақ жағдайы мен туысқандық ынтымақтастық, игілік пен ізгілік идеясы біріктірген адамдардың түсіністік қауымдастығын қалыптастыруға қызмет етеді. Яғни құқықтық қоғам орнатуға бет бұрған тәуелсіз мемлекеттің өз тұрғындарына азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім, өзара құрмет пен сыйластық, татулық пен ынтымақтастық тілеп, осы бастан өсер ұрпақтың бойына ұлтаралық қатынас мәденниетінің ұрығын сіңдіруге ұмтылысы құптарлық іс. Ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру – Қазақстанды мекендеушілердің санасында және іс қимылында жаңа тұрпатты ұлттық қатынастар дамуының жоғары деңгейінің көрінісін табу формасы болып келетін қоғамдық қатынастардың ерекше бір түрі. Саяси және моральдік принцип ретінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлттар мен ұлыстардың даму, гүлдену процестерін білдіретін призма тәріздес әлеуметтік принцип, айна [1,7 б.]. Тәуелсіздік жағдайында жаңа мемлекетте қалыптастырғалы отырған ұлтаралық қатынас мәдениеті ұлттардың бірін-бірі сыйлау ісін бірінші кезекке қояды. Оған басты себеп тоқырау заманының жағымсыз құбылыстары қоғамдық ой-пікірлерді де шарпыды. Ұлттық қатынастар саласындағы адамдардың өр көкіректік, менмендік қылықтары бұл процесті одан әрі шатастыра түсті

4,8(100 оценок)
Ответ:
Shafner777
Shafner777
07.05.2022

Профессор Эренгайптың тұжырымы

бойынша Александрия кітапханасы

әлемдегі ең үлкен кітапхана болды.

Өкінішке орай, бұл кітапхана толығымен

жойылды. Егер Птолемей болмаса,

біз мұндай кітапхананың бар екендігі

туралы білмес едік. Әл-Фараби Отырар

кітапханасын ашты. Кітаптар сол кезде өте

қымбат болғанын ескерсек, кітапхананы

тазарту көп қаражатқа кететін. Осындай

үлкен кітапхананы IX ғасырда әлемнің

жарты бөлігінен байлық тоқтаусыз

құйылып ғылым мен білімде осындай

үлкен жетістіктерге жеткен Фараб-Отырар

қаласының басты жетістігі. Сауда көзі екенін

білеміз. Кейін ғалымдар «Ұлы Жібек жолы»

деп атаған Ұлы сауда жолы. Мәселенің

туындауына көп кірісті қала себеп

болғандығы даусыз.

Объяснение:

Мәтін googl* аудармашысының көмегімен

аударылған, сондықтан қателер болуы

мүмкін

4,5(32 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ