М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
oksanayarockay
oksanayarockay
07.04.2023 20:13 •  Қазақ тiлi

еңбегің егіз болса байлығың сегіз болады деген мақалға қатысты өз көзқарастарыңызды тұжырымдап эссе жазыңыз​

👇
Открыть все ответы
Ответ:

Қазіргі заман батырлары.

"Батыр туса — ел ырысы,жаңбыр жауса — жер ырысы" деп дана халқымыз айтқандай,батыр - халық үшін мақтаныш,арқа сүйейтін қаһарманы.Әсіресе,батырды қазақ халқы ерекше қастерлей білген.Оларды жоғары дәрежеде ұлықтаған.Халық ауыз әдебиетіндегі Алпамыс,Қамбар,Қобыланды батырлар және Абылай сұлтан,Қабанбай,Бөгенбай,Баяндар өз кезегінде жауға өздері қарсы тұра білген ержүректілер.Сол жаугершілік замандарда "батыр - әскери өнерге машықтанған,майданда ерлігімен танылған өр тұлға" деп саналған.

Қазіргі таңда батыр болу үшін әскери өнер керек те емес.Бауыржан Момышұлы батырлық туралы өз сөзінде былай деген:"Ешкім батыр болып тумайды.Батырлық та мінез секілді өскен орта,көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады".Шынымен де,қазіргі таңда майданда қару алып соғы да,елінің амандығын,тыныштығын қарайлап жүрген тәртіп сақшылары,өрт сөндірушілер,дәрігерлер,құтқарушылар бұрыңғы батырларымыздың ізін жалғастырушылар.

Қазіргі заман батыры – қарапайым адам.Жаңалықтардан,газет-журналдардан адамдарды өрттен,судан құтқарып қалғандарды батыр дей аламыз.Атырауда қызды құтқарам деп суға батып кеткен патрульдік полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевтің өшпес ерлігі бәрімізге мәлім.Міне,Шалқар Ақымғалиев қазіргы қазақ батырларының бейнесі десем болады.

Қай-қай батыр болсын Отан үшін қаза болады."Ақынның хаты өлмейді,батырдың аты өлмейді" демекші,олардың есімдері мәңгі жадымызда қалсын!

4,7(47 оценок)
Ответ:
Ayka557
Ayka557
07.04.2023

Менің сүйікті үй жануарым.

Менің ойымша, үй жануарын асырау үлкен жауапкершілік пен дайындықты талап етеді. Себебі, жануар деген де тіршілік иесі, ойыншық емес, оған да көңіл бөліп, серуендету керек, тазалығын сақтап, ауырса емдеу керек дегендей. Мен бұл жауапкершілікті толықтай түсініп, дайын боғандықтан ата - анам менің туған күніме көптен күткен арманым, жеті қазынаның бірі саналатын - ит сыйлады. Сыйлығымды көргенде менің қуанышымда шек болмады, себебі жай ит емес, нағыз қазақтың тазысы. Өзіміз жер үйде тұратындықтан, күшігіме де қолайлы болды.

Күшігіме ат қоймас бұрын, көп ойландым, атына заты сай болсын деп. Сонымен біраз уақыт бақылап жүріп, ақырында Саққұлақ деп қоюды шештім, себебі өзі әлі кішкентай күшік болғанымен, елеңдеп, сақ жүреді екен. Екеуміз бірер күннің ішінде – ақ бір – бірімізге бауыр басып, әбден үйренісіп қалдық. Қайда барсам да, мейлі аулада шаруа істеп жүрсем де, кішкене күшігім құйрығын бұлаңдатып соңымнан қалмайды.  Күшігім шамалы өскен соң, оны жттықтырып нағыз тазы қылып өсіремін. Ит адамның досы демекші, менің ең жақын серігім болды. Сабақтан келген соң, ата - анама үй шаруасына көмектсіп болған соң міндетті түрде бос уақытымды Саққұлақпен өткізіп, ойнауға асығып тұрамын.

4,6(4 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ