М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
meloo1
meloo1
15.04.2022 04:10 •  Қазақ тiлi

Сынып. 28.12 ТЖБ.2 тоқсан Аты-жөні

Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Оқылым

Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Су - тіршіліктің көзі. Психолог Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», - дейді. Мысалы, су денемізге азық пен оттегін тасымалдайды, ұйқыны қалыпқа келтіреді, көздің жақсы көруіне ықпал етеді, иммунитетті күшейтеді.Дәрумендер мен минералдардың таралуын реттейді.Әрі судың денені жарақаттанудан қорғайтын қасиеті де бар екен.

Үлкен адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал денеде 20 пайыз су жетіспесе, ол ағзаға қауіп төндіреді екен.

Ғалымдардың зерттеуінше, Жер бетінің 70 пайызы судан тұрады.Бірақ соның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды.Ал ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталған.Сондықтан адамдар оны қолдана алмайды. Сонда ғаламшардағы адамдардың барлығы тек 1 пайыз ғана

ауыз суды пайдаланады. Сол себепті жер бетіндегі халыққа су қоры жетпейді, әлемде су тапшылығы мәселесі бар.

Ол, әсіресе, Африка және Қытай елдерінде байқалады. Судың жетіспеуінен жер бетінде мыңдаған адамдар түрлі ауруларға шалдығады. Осы ғаламдық мәселе болса да, адамзат суды үнемдеуді ойламайды. (156 сөз)

1. Судың қандай қасиеті ауруларды жазады? [1]

А) минералдарды реттеуі

В) иммунитетті күшейтуі

С) түрлі қалыпта болуы

D) Таза энергиясы

2. Судың жетіспеуі ағзаға ... [1]

А) күш түсіреді.

В) қатер төндіреді.

С) пайдалы болады.

D) Оттегін тасымалдайды. [1]

3. Су тапшылығының адамзатқа кері әсері қандай?

А) адамдар ауруларға ұшырайды

В) емдік мақсатта қолданады

С) суды үнемдеуді түсінеді

D) Мұздықтарды ерітеді

4-5. Сөздерді дұрыс орналастырып, қосымшаларды түрлендіріп, сөйлем құрап жазыңыз. [1]

4. Ауру, адам ағзасы, қорғау, су,түрлі

5. Жаһандық, ғаламшар, мәселе, үлкен, су тапшылығы,әкелу [1]

Жазылым

Сан есімдерді қолдана отырып, қазақ тарихындағы өзіңіз үлгі тұтатын батырдың ерлігін тарихи кезеңмен сипаттап жазыңыз (60-80 сөз​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
пподрао
пподрао
15.04.2022

Аудармасы.

Алтын адам сақ жауынгері болған. Ол Есік қаласындағы сақ қорғанынан табылды. Алтын адамның басында қанатты жылқылар, қар барыстары, арқарлар және құстармен безендірілген ұзын үшкір бас киім бар еді. Ол белбеуі бар берен және алтын салтанатты киім киген. Онымен бірге әлі де шешілмеген / құпиясы ашылмаған жазбаша белгілері бар ыдыс табылды.Қанатты барыстағы алтын адам Қазақстанның ұлттық рәміздерінің біріне айналды. Сақ батырының көшірмелері Қазақстанның көптеген қалаларында бар. Алтын адам қазіргі қазақ халқының ата-бабалары өмір сүрген жер қорғаушыларының ерлігі мен уақыт сабақтастығы бейнесіне айналды.

4,6(68 оценок)
Ответ:
yanzabelina
yanzabelina
15.04.2022
Ақ аю (лат. Ursus maritimus) - аюлар тұқымдасына жататын сүтқоректі; кейде Thalarctos туысына жатқызады. Дене ұзындығы 2-2,5 м, кейде 3 м, биіктігі 1,5 м, салмағы 800 кг. Жүні ақ, кейде сұрғылт, қалын. Білезіктері және табаны жүнмен қапталған. Арктика фаунасы: Солтүстік мұзды мұхитының жағалауларында және суда жүзіп жүрген мұздарды паналайды. Жақсы жүзіп сүңгиді. Негізгі қорегі итбалықтар. Төменгі температураға бейімделген (тері асты майы жануар салмағының 40% жетеді). Ұлуғу әдетте наурызда-сәуірде өтеді жүкті ұрғашылары арктика аралдарындағы апандарда қыстайды (қысқы ұйқы). Қоңжықтары екі жылда бір рет желтоксан-сәуірде туады аналықтары коңжыктарымен апаннан шығып еркін өмір сүреді. Қоңжықтары аналарымен бірге бір жарым жыл болады. Ақ аю терісі мен етін пайдаланады. ТМД 1956 жылдан бастап аулауға тиым салынған. 1976 жылы ХТҚО және КСРО Қызыл кітабына енгізілді. Әр түрлі деректер бойынша ақ аю саны 10-20—ТМД-да 5-6 мың.Бұл аюлар күніне 25 кг астам ет жей алады.
4,6(46 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ