М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Морти111
Морти111
05.02.2021 02:30 •  Қазақ тiлi

«О, Ақтан жас, Ақтан жас..» өлеңі бойынша үзіндінің жалғасын тап.​

👇
Ответ:
rgewwet
rgewwet
05.02.2021

О, Ақтан жас, Ақтан жас,

Сенде жетер ме екенсің?

Жетімдіктің белінен

Асып өтер ме екенсің?

Жарық сәуле көре алмай,

Ел шаңына ере алмай,

Сол бойы кетер ме екенсің?

Жапанға біткен жапырақ

Жамылсан тонар ма екенсің?

Жазғы шыққан бүлдірген

Сұғыңсаң тояр ма екенсің?

Күрек тісін қасқайтып

Сұлу сүйер ме екенсің?

Бадана көз, тоғыз тор

Сауыт киер ме екенсің?

Білтеліні тұтатып,

Түтінін үзбей оқ атып,

Жау қашырар ма екенсің?

Тұлпар атты жаратып,

Құйрық - жалын таратып,

Бежін ерді ерлетіп,

Жорыққа жортып, терлетіп

Сырты қырлы, жүзі алмас,

Салған дағы жоғалмас

Сапы асынар ма екенсің?

Босағасын борлатқан,

Таңдайға дәмі татымас

Керегесін торлатқан,

Тегерішін манаттан,

Жібектен ызып бау таққан

Үйге кірер ме екенсің?

Тең құрбыңмен теңеліп,

Шаруа жиып кенеліп,

Бала сүйіп, мал жиып,

Керсеніңе бал құйып,

Өмір де сүрер ме екенсің?

Жетімдіктен өтерсің,

Шаң бермей әлі кетерсің.

Қажыма, Ақтан, қажыма,

Жетерсің, әлі жетерсің.

4,5(24 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
selemenevakrist
selemenevakrist
05.02.2021

Айтыс – халық мұрасы.

Әрбір халықтың өзіне тән салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, халық ауыз әдебиеті, мәдениеті, тәрбиелік ұстанымдары бар. Міне, осы асыл қазынамыз бізге ұрпақтан ұрпаққа сан ғасырлар бойы аманат ретінде ұласып, ұлттық болмысты жоғалтпай, өзгелерден ерекшелеп тұратын айна секілді. Бізде өз кезегімізде бұл құндылықтарды қастерлеп, келер ұрпаққа осы күйінде жеткізуіміз керек.

Ата дәстүрін ардақтау – қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы.

«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді.

Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор. Осы ретте айтыстың алар орны ерекше.

Айтыс – қазақ халқының ертеден қалыптасқан жыр жарысының бір түрі. Айтысқа суырып салма ақындар мен көркем сөз шеберлері қатысады. Айтыста ел басқарып отырған басшылардың кемшіліктері, сондай – ақ өмірдегі келеңсіздіктер ашық айтылады. Айта кететін бір жайт, айтыс бүгінгі күнге дейін жетіп, тәрбиелік мәнін жоғалтпаған жыр жарысы. «Атамұра – асыл қазына» демекші, осындай ұлттық дәстүр, ғұрыптарымызды сақтап, қастерлеуіміз қажет.

4,8(47 оценок)
Ответ:
video252
video252
05.02.2021
Денсаулық зор байлықАдамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендейБірінші байлық – денсаулықЕкінші байлық – ақ жаулықҮшінші байлық – он саулық демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде. Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп барады. "Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар. Бірақ біз сол аурулардың шарықтауына жол бермей оған төтеп беруіміз қажет. Яғни "Ауруын жасырған өледі” (Ә.Науаий) деген сөзге қарсы адам өз бойындағы ауруы бойынша дәрігерлерден кеңес алып, білгендерден сұрап отыруы қажет. Ең алдымен сәбилердің дұрыс жетіп қалыптасуына қарсы дисплазия деген аурулар бар. Ол аурумен сәби күресе алмайды, ал онымен күресетін ата-анасы. Бұл ауру дәрігерлердің айтуынша, әсіресе соңғы кездері балалар арасында кеңірек тарап бара жатқан дисплазия ауруының пайда болуына бірнеше себептер негіз. Олардың біріншісін экологиялық жағдайлармен байланыстырсақ, екінші себебі ағзадағы йод темір, сондай-ақ кальцийдің тапшылығына тікелей қатысты. Мұның ақыры мүгедектікке әкеліп соғуы мүмкін
4,8(54 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ