М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
238064356
238064356
18.07.2021 09:29 •  Қазақ тiлi

Мектеп кітәпханасы менің сүйікті кітабым​


Мектеп кітәпханасы менің сүйікті кітабым​

👇
Ответ:
Ender222
Ender222
18.07.2021
Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.

Кітап адам өмірінде, әсіресе өскелең ұрпақтың өмірінде ерекше орын алады. Кітапсыз, еш білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді, жерді сүюге, талапты,

кішіпейіл болуға, мейірімді, әрі төзімді болуға баулиды. Кітап біздің рухани жан азығымыз, ал кітапхана – білім мекені.

Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Дегенмен, менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын. Сонда мектеп кітапханысының қоры көбейіп қана қоймай, оқырмандар саны да артар еді деп есептеймін.
4,5(60 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
аджирешка
аджирешка
18.07.2021

Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Алғашқы жазба дерек 1892 жылы «Дала уалаяты» газетінің отыз бірінші және отыз тоғызыншы сандарында жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген мақалада келтіріледі. Бүгінгі күнде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» ба жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді. Бұл поэма 652 жолдан тұрады. Мұхтар Әуезовтің жеке кітапханасында сақталған Мағауия Абайұлы дастанын 1941 жылы Қайым Мұқаметханов баспаға әзірлеген. Бұл қолжазба тек 1960 жылы баспадан шығарылған «Дастандар» деген жинақта алғаш рет жарияланды. Жазушы Әуезов осы дастанның арқауымен осы аттас трагедия жазды. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дастан кейіпкерлері Еңлік пен Кебекке ескерткіш орнатылған. Құрылысқа жергілікті халық шеберлері өңдеген қызыл, күрең және ақшыл сұр түсті гранит, цемент, құм, алебастр, әк, жоса пайдаланылған. Ескерткіш қойылған тау басындағы ескі зираттың үсті тегістеліп, алаң айналасы жалпақ тақтатастармен көмкеріліп, ал оның үстіне әр жерден орнатылған аласа сынтастар арасына жуан шынжыр арқанды бостау кермелеп қоршау жасалған. Төрткіл алаңның ортасынан 4 қабырғалы күмбез-тұғыр соғылып, оның үстіне орнатқан биікт. 6 метрлік мұнара мен күмбез түйісетін дөдегені керегекөз өрнекпен әшекейлеген. Күмбездің 4 жағында шығыстық мәнермен ойып шығарылған 4 арка бар. Олардың маңдайшасында “Еңлік — Кебек” деген егіз есім әсемдеп жазылған. Ескерткіштен батысқа қарай 8 —9 км жерде 1917 жылы 7 маусымда М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек пьесасы осы арада алғаш рет киіз үй сахнасында қойылды” деп жазылған тағы бір ескерткіш бар.[1]

4,4(89 оценок)
Ответ:
Атабек111111
Атабек111111
18.07.2021

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сериалындағы Баян рөлін ойнаған қыздың болмыс-бітіміне байланысты әлеуметтік желідегі көпшіліктің сынына Ереке деген бір бауырымыз мынандай пікір қалдырыпты: «…сұлулық стандартын орнатуға ешкімнің құқығы жоқ. Фильмге түскен қыздың түр-әлпетін плинтустан төмен түсіріп, мұндай пост жазғаныңыз жиіркенішті! Баян сұлуды өз көзіңізбен көрген сияқты сөйлеу не нәрсе бұл. … Шетелге ұят демей-ақ қояйық, шетел біздің эпостар тұрмақ қазақ елі бар екенін енді естіп жатыр».

Объяснение:

ЛАЙК БАСЫП КЕТІН

4,5(61 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ