Темір қайшы – қос қайшы, Шығыршықсыз бос қайшы. Еңбеккерге дос қайшы, Еріншекке қас қайшы. Өтпейді бір бос күні, Ол? – (Сағаттың қос тілі) Сары қозы, көк қозы, Қарындары тоқ қозы. Күздігүні көп қозы, Қыстыгүні жоқ қозы. (Қауын-қарбыз)
Темір аяқты, Ағаш таяқты. (Циркуль мен қарындаш)
Қалқиған ұзын құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)
Күші десең, күші бар. Тісі десең, тісі бар. Торуылдап ауылды, Түнде жортар ісі бар. (Қасқыр)
Үлп-үлп етіп тымағы, Желп-желп етіп құлағы, Суды кешіп тұрады. (Құрақ)
Жасыл ине киімім, Жайлаймын тау биігін. Жаңа жылды тойласаң. Төріңдемін үйіңнің. (Шырша)
Менде жоқ.
Телеграмнан карап корсен болады