Сүйінші сұрау
Қазақ халқында қуанышты сәттерде сұралатын және берілетін кәде-сыйлардың түрі өте көп. Соның біреуі – сүйінші сұрау. Сүйінші – жақсылықтың белгісі. Сүйінші сұрау дегеніміз – қуанышты хабарды жеткізушінің сұрайтын сыйы. Әдетте жақсы хабарды жеткізуші «сүйінші, сүйінші» деп дауыстап, ал жаңалықты есту үшін үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Сүйінші ретінде ақша, бағалы зат немесе сұраушының қалаған заты беріледі. Бұл жақсылықты жақындармен бөлісіп, қуанышқа ортақтасу мақсатында қалыптасқан жөн – жоралғы. Бүгінгі күнге дейін сақталған.
Біздің жер деп аталатын планетамызда су ерекше ро атқарады. Өзі жаралған3-3,5 миллиард жылдар ішінде жердің басынан өткен ұлы өзгерістерге әсер ету жағынан суға бәлкім, парапар кеетін зат жоқ шығар. Сусыз тіршілік жоқ. Су тірі организмдердің бөлінбес бір бөлігі. Ол жан – жануарлардың, адамның қанының, етінің, майының, миының, тіпті сүйегінің құрамында болады. Организмінің 65- 75%- і судан тұрады, ал кейбір теңіз жәндіктерінің, мысалы, медузаның денесінің 97-98 %- і су. Тіршілікті судан бөліп қарауға болмайды.