Қысқы ойындар
Қысқы ойындардың денсаулыққа тигізер пайдасы орасан зор, себебі ойындардың барлығы дерлік сыртта, таза ауада ойналады. Ал, қысқы аязды ауа не деген керемет десеңші! Жай серуендеудің өзі де пайдалы.
Қысқы ойындарға шаңғы тебу, коньки тебу, шанамен сырғанау, хоккей ойыны жатады. Аталған ойындардың барлығы да қысқы олимпиада ойындарының құрамына кіреді, спортшылар бұл спорт түрлерінен бақ сынасып, жарысады.
Маған келер болсақ, мен хоккей үйірмесіне қатысамын. Бұл спортқа қатысу арқылы мен коньки тебуді де үйрендім, сонымен қатар бойымда төзімділік де қалыптастыра білдім.
Салалас құрмалас сөйлем:
1. Мен апама бәліш апардым да,сыртқа ойнауға шығып кеттім. (ыңғайлас с.қ.с)
2. Ол сыныптағы оқушылар сабақты жақсы оқиды,бірақ өзара ұйымшылдық жоқ. (қарсылықты с.қ.с)
3. Айна бүгін жатақханаға қонбайды,себебі туыстарының үйінде туған күн болады. (себеп-салдар с.қ.с)
4. Ол бірде ән айтады,бірде мәнерлеп өлең де оқиды. (кезектес с.қ.с)
5. Азамат сабаққа күнделікті келіп жүрсін не біз оны оқудан шығарамыз. (талғаулы с.қ.с)
6. Қуанғаны сонша – анасын құшақтай жөнелді (түсіндірмелі с.қ.с)
Сабақтас құрмалас сөйлемдер:
1. Ол оқуын жақсы аяқтайтын болса,жақсы жұмыс та табылады. (шартты бағыныңқылы)
2. Мен оған қанша айтсам да,сөзімді жерге тастайды (қарсылықты)
3. Әпкесі сыйлықты көріп қоймасын деп,жақсылап сөреге тығып қойды. (себеп бағыныңқылы)
4. Мен үйге келгенге дейін,ол тамақ әзірлеп қойыпты. (мезгіл бағыныңқы)
5. Оның жалғыздықта болғысы келіп,өз бөлмесінің есігін құлттап алды. (мақсат бағыныңқы)
6. Көзіне жас толып,Айнагүл үдйен атып шықты. (қимыл-сын бағыныңқы)