Тапсырма 1. Мəтінді мұқият оқыңыз. Мəтіндегі ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстырыңыз, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мəселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дəлелдеңіз. Ресми сөздер мен терминдерді орынды қолданыңыз 2. Мəтін бойынша маңызды деген 2 сұрақ құрастырыңыз. [10] 1-мəтін «Астана Операның» бас сахнасының көлемі – 935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі – 59 метрді құрайды. Ал «Ослодағы опералық театрдың үлкен сахнасының ені небары 16 метр, ал тереңдігі 40 метр», - дейді Мұхтар Абрарұлы. Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сөйтіп, қойылымдар циклінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында «Астана Операда» ең күрделі спектакльдерді сахналауға мүмкіндігі мол. «Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды əлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, ба з залы жəне басқа да функционалдық бөлмелер бар хелп...
СУ ТАСҚЫНЫ - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеліп, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, түн болса, керісінше қысқара бастайды.
Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.
Алаңға алтыбақан қойылып, жас жеткіншектер алтыбақанға мінеді. Ауылдық жерлерде ат жарыстары да ұйымдыстырылады.
Бұл күні адамдар бір - біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болады.