«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 6-сынып
Тыңдалым
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң, сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу еді. Және оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді "Қызыл кітап" деп атауды ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.
Кітаптың беттері әр түрлі түстен тұрады. Қара беттерде жойылған хайуандар, қызыл беттерде сирек кездесетін, сары бетте тез азайып келе жатқан, ал ақ беттерде құтқарылған жануарлардың түрлері көрсетілген.
Қазақстанда бұл кітап 3 басылымнан тұрады. Соңғысы 1999 жылы шықты. Кітапта жануардың 120 түрі туралы жазылған. Олардың ішінде ақбөкен, гепард, бүркіт, арқар, барыс, және қылқалам бар. Біздің елімізде, Қызыл кітапқа енген жануар немесе өсімдікке зиян тигізілсе, ол адам айыппұлмен қатар, бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
1.Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз. А) қызыл кітап, зерттеу, топырақ
В) отан, бала, қала
С) қызыл кітап, табиғат, қорғау
Д) зерттеу, адамдар, күш [1]
2.Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.
А) Еліміздегі ескерткіштерді қорғауға алу
В) Еліміздегі ауыз су мәселесін шешу
С) Еліміздегі жер сілкінісінің алдын алу
Д) Еліміздегі жойылып бара жатқан жан-жануарларды қорғау [1]
3.Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.
[1]
4. Мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап беріңіз. Қызыл кітаптың шығуының мақсаты не? [1]
5.Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз.
Бұл адамзаттың табиғатты жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.
No
Мәтіндегі ақпараттар
Шын
Жалған
1
«Қызыл кітап» деген атауды Питер Скотт ұсынды
2
Қазақстанда бұл кітап 6 басылымнан тұрады.
3
Ең алғашқы Қызыл кітап 1999 жылы жарық көрді.
/ түрлі түстен, қорғау үшін, Қызыл кітапқа/ [1]
Оқылым
«Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл театр сән-салтанаты асқақ ғимаратымен және залдардың көркемдігімен ғана емес, сондай-ақ талантты труппа орындайтын тамаша репертуарымен таң қалдырады.
«Астана Опера» 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы «Біржан-Сара» операсымен ашты. «Біржан-Сара» операсы музыкалық -поэтикалық дәстүрдің жарқын көрінісі. Сол жылдың күзінде «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері болып, Дж. Вердидің «Аттила» операсы қойылды.
«Астана Опера» опера және балет театры әлемнің аса сәулетті театрларының бірі. Сәулеті бойынша ол Миландағы «Ла Скала», Мадридтегі Корольдік театр, Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорктегі Метрополитен-опера және т.б. атақты опера театрларының қатарынан орын алды. Театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын көрінеді. «Астана Опера» - алыптығы мен техникалық мүмкіндіктері бойынша әлемдегі үшінші опера театры. Театрдың бас залы 1250 орынға есептелген.
1-2. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
Елорда (синоним) [2] Оң жағалау (антоним) [2]
3.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.
[2]
4-5. Сұрақтарға толық жауап беріңіз.
А)Театр кімнің бастамасымен ашылды? [2]
Театр қайда орналасқан? В) [2]
No
Мәтіндегі ақпарат
Шын
Жалған
1
«Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында орналаспаған.
2
«Астана Опера» опера және балет театры әлемнің аса сәулетті театрларының бірі.
3
Театрдың бас залы 1250 орынға есептелген.
іне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...