сатушылардың [ 5 буын : са - ашық , ту - ашық , шы - ашық , лар - бітеу , дың - бітеу ] с – дауыссыз , қатаң а – дауысты , ашық , езулік , жуан т - дауыссыз , қатаң у- дауысты , қысаң , еріндік , жуан ш - дауыссыз , қатаң ы – дауысты , қысаң , езулік , жуан л – дауыссыз , үнді а – дауысты , ашық , езулік , жуан р- дауыссыз , үнді д- дауыссыз , ұяң ы – дауысты , қысаң , езулік , жуан ң – дауыссыз , үнді Сөзде 12 әріп , 12 дыбыс бар .
менеджерлерге [ 5 буын : ме - ашық , нед - бітеу , жер - бітеу , лер - бітеу , ге - ашық ) м – дауыссыз , үнді е – дауысты ашық , езулік , жіңішке н- дауыссыз , үнді е – дауысты , ашық , езулік , жіңішке д- дауыссыз , ұяң ж - дауыссыз , ұяң е – дауысты , ашық , езулік , жіңішке р- дауыссыз , үнді л – дауыссыз , үнді е – дауысты , ашық , езулік , жіңішке р- дауыссыз , үнді - дауыссыз , ұяң е – дауысты , ашық , езулік , жіңішке Г Сөзде 13 әріп , 13 дыбыс бар
Мамандық туралы диалог
- Әне – міне дегенше, оқу жылы да аяқталып, ұлттық бірыңғай тестілеуге де санаулы күн қалыпты...
- Соны айтсай, өз басымда аздап қорқыныш пен қобалжу бар. Сенің дайындығың қалай?
- Жалпы, жаман емес десем де болады. Негізгі пәндер бойынша өз бетіммен дайындалып, ал бейіндік пән бойынша мұғаліммен қосымша дайындалдым. Өз біліміме сенімдімін.
- Ал сен қандай мамандық таңдап едің?
- Мен болашық дәрігер болуды армандаймын. Адамдардың өміріне араша түсіп, бар білімімді медицина саласына арнағым келеді.
- Бәрекелді, ал сен неліктен бұл мамандықты таңдадың?
- Әр азаматтың өзінің жүрегі қалаған мамандығы бар ғой. Қайбір мамандық болмасын өз маңыздылығы, пайдасы мен ерекшеліктері болады. Ал менің бала күннен арманым – дәрігер болу, себебі дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
- Дұрыс айтасың. «Ақ халатты абзал жандар!» -деп халқымыз жәй айтпаған. Адам өміріне деген жауапкершілік, адалдық және үлкен жүрек керектігі сөзсіз.
- Адамдарға менің көмегім тисе, мен өзімді бақытты жанмын деп бағалар едім.
- Жақсы, досым. Ендеше саған тек сәттілік тілеймін, ұлттық тестілеуден сүрінбей өтіп, арманыңа қол жеткіз!
- Көп рахмет!