1. Сөзіне қарап кісіні ал, кісіге қарап сөз алма.
2. Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой.
3. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті.
4. Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген жанды (в оригинале "адам") толық мәнді интеллигент емес деуге болады.
5. Өз тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртынды сүйе алмайсың.
6. Тіл-адам ойының айнасы.
7. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.
8. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
9. Тисе терекке, тимесе бұтаққа.
10. Айтылған сөз-атылған оқпен тең.
11. Көңілсіз құлақ-ойға олақ.
Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсінделеді. Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезіңіне, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды. Романның жазылу формасы да ерекше: бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогі арқылы өтеді.
Шынында да солай, әрине, бұл ақындық қиялдан туған үлкен мұрат. Ерлік дастаны - өмірлік дастан, ол ұрпақтан ұрпаққа кете бермек, жаңғыра бермек, жаңара бермек.
Әзілхан Нұршайықов осы бір жайды терең барлап, өз шығармасын “Ақиқат пен аңыз” деп дұрыс атаған. Бауыржан Момышұлы жөнінде тараған аңыз-әңгімелердің түпкі түйіні өмір шындығында, сол шындықтың куәсі болған бас геройдың характерінде жатқандығы анық та ақиқат.
Бауыржанның даңқын алғаш кең таратып жіберген Александр Бектің “Волоколам тас жолы” атты романы болатын. Романның алғашқы бетін ашқанда-ақ, майдан картасын алдына жайып салып офицерлерге бұйрық беріп отырған Бауыржан бірден алдыңнан шығатын. Соғыс тағдырын, соғыс құпиясын жете түсініп, жүрекпен сезінбей тұрып шығарма жазам деушілік әурешілік деп, бірден тік кететін Бауыржан Момышұлы оқырмандарға сол бір мінезімен ұнаған-ды.
Подробнее - на -
Объяснение: