Мәтінді оқып, өзіңізге ұнаған 3 cөйлемді көшіріп жазып, оларға 2 нұсқада сұрақ қойыңыз
Айт - мұсылмандардың ұлы мейрамы. Ислам дінінде екі айт мейрамы бар.
Ол ораза айт, Құрбан Айт деп аталады. Ораза айт отыз күн ораза біткеннен кейін шәууал
айының 1-3 күндері өтеді. Ораза аяқталған соң мұсылман қауымы таңертең мешітте айт
намазын оқуы парыз. Ораза айын рамазан айы деп те айтады. Пітір садақасы осы айда
беріледі. Оны әр мұсылман мешітке апарып береді. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар Алла
тағаланың сөзін осы рамазан айында естіген. Құрбан айт Ораза айттан 70 күннен кейін
басталып, үш күнге созылады. Бұл Меккеге қажылықка бару кезінің аяқталуына сәйкес
келеді. Қажылыққа баратын ай зұлхижа деп аталады. Құрбан айтта таңертеңгі айт
намазынан кейін әр мұсылман мал сойып, құрбан шалады. Ауру, ақсақ, соқыр, жаралы,
қотыр малды құрбандыққа шалуға болмайды. Құрбандық еті көпшілікке беріледі. Құрбан
шалушыға жұрт «Құрбандық қабыл болсын!» дейді. Айт күндері әр үйде дастарқан
жайылып, таза киінген адамдар бір-біріне айтқа құтты болсын айтып, құттыктайды,
«айттық» сұрайды. Ашу-араздық болса татуласады, қателігін кешіреді. Айт күндері, ораза
кезінде қайтыс болғандар жақсы, иманды адамдар деп саналады. «Айт мүбәрәк болсын,
айт мереке болсын! Айт құтты болсын! Айттын, жақсылығы бірге болсын!» деген жақсы
тілектер айтылады. Айт күндері үлкен кіші сәнді киінеді, жеңіл-желпі ойын сауыққа
тыйым салынбайды, бірақ дарақылыққа жол берілмейді. Ораза айт, Құрбан айт мейрамы
қазақтар арасында ежелден ұлы мейрам санатына қосылып, адалдық, мейірбандық,
қайырымдылық, ынтымақтастықтың көрінісіне айналды.
Жауабы :
1)Өздік етісті табыңыз
Асыл өзі киінді
2)Бұрынғы өткен шақта түрған сөзді көрсетіңіз:
Танысқан екен
3)Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз:
Ызаландырмақ
4)Етістіктің нақ осы шақ түрін көрсетіңіз:
Бара жатыр
5)Бұйрық райдың 3-ші жағын табыңыз:
Жетсін
6)Осы шақтағы етістікті табыңыз:
Көптеген жаңа бұйымдар өндірілуде.
7)Баяндауыш қызметіндегі етістікті табыңыз:
Олжабек ойланып қалды
8)Тұйық етістікті табыңыз:
Жуу
9)Үстеу дегеніміз не?
Қимылдың мезгілін, белгісін, себебін мақсатын білдіреді.
10)Мезгіл үстеуін көрсетіңіз:
Бүрсігүні аттанды
11)Мекен үстеуді көрсетіңіз:
Алға қадам басты;
12)Мақсат үстеуін табыңыз:
Жорта, әдейі.
13)Өкіну мәнін білдіретін одағай қайсысы/
Әттең
14)Одағайды табыңыз:
Алақай, уһ
15)Ұлттық байлыққа нелер жатады:
Тарихи ескерткіштер, табиғи байлық, мәдени мұра.
16)Теңге соңғы рет қай жылы шықты?
1993 ж
17)Алтыннан да қымбат не?
Уақыт
18)Антоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз:
Жақсылық пен жамандық – болды егіз.
19)Көп нүкте орындарына қажетті қосымшалар қойыңыз. Нарық...экономика...жетектей...күш-бәсекелес...
-тық,-ға,-тін,-тік
20)Экономикамен байланысты мақалды табыңыз:
Ақша кетуге тырысады, есеп ұстауға тырысады.
21)Жалпы зат есімді белгілеңіз:
Адам.
22)Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз:
Мектептің
23)Етістіктен болған сын есімді көрсетіңіз:
Шашыраңқы
24)Туынды сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз:
Өнерлі өрге жүзер
25)Сапалық сын есімнің анықтамасын көрсетіңіз:
Негізгі сын есімнің өзінен болып, заттың сынын анықтайтын сын есім.
26)«Характеристика» сөзінің аудармасы көрсетіңіз:
Мінездеме
27)Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз:
Көк (құтан), көк (жиек).
28)1845 жылы қазіргі Семей облысының территориясында дүниеге келген қазақ поэзиясының классигі кім?
Абай
29)Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз:
Мектептің
30)Топтау сан есімін көрсетіңіз:
Жүз-жүзден;
31)Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз:
Сен де келесің бе?
32)Ілік септігі мен тәуелдік жалғауды табыныз:
Колхоздың малы;
33)Мына сөздердің ішінен синонимдерді табыныз
Ақылды, ғұлама, кемеңгер;
34)Тайға таңба басқандай деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз:
Анық
35)Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс жалғауын табыңыз:
Әкесін
36)Зиялы сөзінің антонимін табыңыз:
Надан
37)Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз:
Осы жағдай сенің әр уақытта есіңде болсын.
38)Синоним сөздердің тізбегін табыңыз:
Ар, ұят, ождан;