Алматы
Объяснение:
Алматы — республикадағы ең сәулетті қалалардың бірі. Қала архитектурасында ұлттық ерекшеліктің элементтері, қала аумағының табиғат сұлулығы және құрылыс саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктері жүйелі түрде, жоғары талғампаздықпен үндестік тапқан. Алматыда әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инженерлік-архитектуралық шешімімен кезге түседі. Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы, Қазақстанның ғылым академиясының және Ұлттық кітапхана ғимараттары, Қазақ драма театры, "Қазақстан", "Отырар", "Рахат-Палас", "Анкара", "Достық" қонақ үйлері, Студенттер сарайы, Спорт сарайы, Медеу спорт кешені, республикалық Орталық мұражай, т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала тұрғындарына арналып салынған ғимараттар бой көтерді.
Алматы ірі ғылым, мәдениет және білім орталығы. Алғашқы жоғары оқу орны Алматыда 1928 жылы ашылған Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты болды.
1929 жылы Алматы зоотех- малдәрігерлік институты,
1930 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институты,
1931 жылы Қазақ медициналық институты, ал
1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Бұл алғашқы ашылған жоғары оқу орындары қазақ интеллигенциясының жетілуіне зор ықпал жасады. Одан кейінгі жылдары Алматыда әр саладағы, әр бағыттағы ондаған жоғары оқу орындары ашылды. Кейбір институттардың ірі факультеттері жеке институт, университет және академия болып бөлек құрылды. Алматыда Қазақстан ҒА-сы құрылды (1946). Оның тұңғыш президенті болып академик Қ.Сәтпаев сайланды. Алматыда қазақ драма театры, орыс драма театры, балалар мен жасөспірімдер театры, опера және балет театры, ұйғыр және корей музыкалық театрлары, Қазақ мемлекеттік филармониясы, орталық концерт залы сияқты танымал мәдени орталықтар бар.
1990 жылдан Алматыда жыл сайын өткізілетін халықаралық "Азия даусы" музыка және ән фестивалі өнер мерекесіне айналдырылды.
1994-96 жылдары Алматыда Тәуелсіздік монументі, әл- Фарабидің, Райымбек батырдың, Жамбылдың, Ә.Молдағұлова мен М.Мәметованың ескерткіш-мүсіндері ашылды.
Болашақ мамандығым - тіс дәрігері.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Менің арманым - тіс дәрігері болу. Сау тіс пен әдемі күлімсіреу - адам келбетіне көрік беріп тұратыны анық. Міне, мен адамдардың тістерін емдеп, олардың өз-өздеріне сенімді болуына үлес қосқым келеді. Сонымен қатар, тістің сау болуы денсаулықтың да жақсы болуына үлкен себепші болады. Себебі, тісі сау адамдар қалаған тамақтарын жеп, ол тамақты жақсы шайнай алады. Сондықтан жақсы шайналған тағам дұрыс қорытылып, ас қорыту жүйесіне де зақым келтірмейді. Сондықтан тісімізді таза ұстайық дегім келеді.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.