Экспо» халықаралық мамандандырылған көрмесі — ірі халықаралық көрме, онда жаңашыл ғылыми-техникалық жетістіктер, даму перспективалары, сонымен қатар бүкіл әлем елдерінің тарихы, дәстүрлері мен мәдениеті көрсетіледі. Дүниежүзілік көрмелерді өткізу нәтижесі халықаралық, экономикалық, саяси, мәдени және ғылыми байланыстарды кеңейту болып табылады. Дүниежүзілік көрмелер бес жылда бір рет өтеді.
Алғаш рет Дүниежүзілік көрме 1851 жылы Ұлыбританияда өтті. Бірнеше ай ішінде мұнда ең түрлі экспонаттар көрсетілді, олардың арасында өнеркәсіптік тауарлар, қолөнер бұйымдары, машиналар, пайдалы қазбалары және тіпті өнер заттары көрсетілді. 1851 жылғы көрмені өнеркәсіптік революция тарихында маңызды негізгі кезеңі деп атаған жөн. Британдық қолөнершілер одағына тиесілі мұндай көрмелерді өткізу идеясы жалғасын тапты, сондықтан олар тұрақты түрде өте бастады, жылдан жылға күшейіп, анағұрлым орасан, ауқымды бола түсті. Атақты Эйфел мұнарасын 1889 жылы Парижде Дүниежүзілік көрме үшін Трокадеро сарайында орналасқан экспозиция аумағына кіретін қақпа ретінде сала бастағаны туралы азғана адам біледі. Сонымен қатар дүниежүзілік көрмелерді өткізуге орай лондондық Хрусталь сарайы (1936 жылы өрттен жойылды) және Монреалда Хабитат 67 бірегей тұрғын үй кешені (1967 жылы көрме тақырыбы үйлер мен тұрғын үй құрылысы болатын) салынған болатын.
«Экспо» өткізу бойынша эстафетаны АҚШ, Испания, Италия, Франция, Жапония, Корея, Бельгия, Бразилия, Қытай сияқты және басқа елдер қабылдады.
Экспо-2017 көрмесі— Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында 2017 жылдың 10 маусымынан бастап 10 қыркүйегіне дейін өтті. Оған 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмеге 3 млн адам қатысты.
EXPO көрмесін өткізген кезде Қазақстанның елордасы әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған түрлі мәдениеттер үніне толды. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өткізілді.
EXPO көрмесіне милиондаған туристер қатысты, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға тырысты.
EXPO-2017 тақырыбы - «Болашақ энергиясы», әлемдік қауымдастықты толғандыратын энергияның баламалы көздері сияқты, ең өзекті тақырыптардың бірін баяндайды. Көрменің тақырыбын "Экспо 2017" атты айқын жазылған қысқа логотип тамаша бейнелеген: гүл күлтелерінің шеңбер бойымен ассиметриялық орналасуы энергияны және мәңгілік қимылды білдіреді. Көрмеде жаңартылатын энергия көздері және «жасыл экономика» қағидатын іске асыру жөніндегі идеялар мен шешімдер көрсетілді: өзін қамтамасыз ету үшін энергияны туындыратын ғимараттар, «ақылды үйлер», электрмобильдер, биотынмен жүретін автомобильдер және тағы басқалар.
EXPO-2017 көрме кешенінің жалпы алаңы орасан зор - 174 гектар. Оның ішінде 25 гектар тікелей көрме аймағына бөлінген, оған Қазақстанның Ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық және корпоратвитік павильондар кіреді. Барлық салынған объектілер көрменің «Болашақ энергиясы» - басты тақырыбына бағынады.
Сфера кешені EXPO-2017 көрмесінің архитектуралық көрігіне айналды. Ғимаратта ең жаңа технологиялар қолданылған. Осылайша, екі шусыз желгенераторларының жұмысы арқасында, Сферадағы энергияны тұтынуды төмендету мүмкін болды.
Сфера табаны маңында 5000 кв. м. аумақта екі негізгі аймаққа бөлінген Ұлттық павильон орналасады. Қазақстанмен танысу аймағы келушілерді Қазақстанның жер бедерімен, мәдениеті, тарихы, қазіргі жағдайы және келешегімен таныстырады. «Жасампаз энергия» аймағында отандық ғалымдардың «жасыл экономика» тақырыбы бойынша ең үздік жобалары көрсетілген.
Сфераның әр деңгейінде энергетиканың бір бағыты көрсетілген – ғарыш, күн мен жел, биомассалар, су және кинетикалық энергия. Соңғы деңгей келешек Нұр-Сұлтанды – Қазақстаның 2050 жылдағы елордасын көрсетті.
Сферада сондай-ақ, төрт тақырыптық павильон да орналасты, олар көрмелердің мынадай тақырыптарын көрсетті: «Энергия әлемі», «Келешек үшін энергия», «Барлық халыққа арналған энергия», «Менің келешек энергиям».
Ал «Ең үздік Тәжірибелер Аймағы» атты павильонда жаңартылатын энергия көздерін өндіру, сақтау және тасымалдау саласындағы 25-30 ең үздік әлемдік тәжірибе көрсетілген. Келешек энергяның тұжырымдамалық негіздеріне арналған «Қоғамдық аймақтар» қорытынды алаңша болады.
Объяснение:
ответ:Еңбек адамның табиғи жетістігі болып табылады. «Маймылды адам еткен еңбек» деген пікірлер де бекер емес. Сонымен қатар, еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі: ол адамның өмір сүруінің материалдық және рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, қағазға, өнерге және тағы басқа өмірсүру қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар да табиғи қажеттігі болып табылады, себебі, қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады.
Өзінің саналы тіпті санасыз ғұмырында да адам әйтеуір бір нәрсені жасап, дайындап, шығарып, өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ, адам 5-6 жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының өтініші бойынша бір нәрсені әкеліп береді, апарады, жылжытады және т.б. Адамның қолынан жасалған заттардың барлығы – инеден бастап ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нәтижесінде дүниеге келген. Сонымен кез-келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес, еңбек барлығын жасайды, адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал бұлар, өз кезегінде, қоғамның материалдық негіздерін құрайды.
Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілетерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой және рухани қабілеттерден туындайды да, бұлардың нәтижесінде материалдық рухани және санаткерлік құндылықтар жасалады.
Еңбек жеке шаруашылықта, бау-бақшада, тіпті үйде және өзге де жерлерде жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай еңбекпен адамдардың басым көпшілігі бала кезінен айналысады. Алайда, еңбектің бұл түрі еңбек құқығымен реттелмейді.
Көп жағдайда еңбек бірлескен немесе ұжымдық сипатты иеленеді. Бірлескен еңбектің нәтижесінде адамдар қоғамдық еңбек қатынастарына қатысады. Мұндай жағдайда еңбектің екі түрін ажыратып алған жөн: өз игілігіне бағытталған жеке еңбек және жалданбалы еңбек. Дәл осы жалданбалы еңбек – жұмыс берушімен қатынасқа түсуді еңбек құқығы реттейді.
Сонымен қатар, меншік иелері мен меншік иесі емес тұлғалардың ұжымдық еңбегін көздейтін еңбектің үшінші түрі – аралас нысандағы еңбек те болады. Ескеріп өтетін бір жайт, еңбек құқығы тек жалданбалы еңбекке негізделетін еңбек қатынастарын ғана реттейді. Дербес еңбекке негізделген еңбек қатынастары (меншік иелерінің еңбегі) еңбек құқығының пәніне кірмейді. Мұндай қатынастарға жалданбалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке еңбек қызметі және т.б. қызмет жатады. Мысалы, азамат жеке дербес еңбек қызметімен айналысып – заңды тұлғаны құрмастан дәріхана, дүкен, шаштараз және т.б. орындарды ашып қызметкер жалдамастан өзі өз дәріханасында, дүкенінде, шаштаразында жұмыс істесе. Жазушының, өнертапқыштың қоғамдық кооперациядан тыс жүзеге асырылатын еңбегі де еңбек құқығына жатпайды. Алайда, егер жазушының немесе ғалымның еңбегі журнал редакциясының немесе ғылыми мекеменің еңбек ұжымында еңбек шартының шеңберінде жүзеге асырылатын болса, онда бұл қатынастар еңбек құқығымен реттелетін еңбек қатынастарына айналады. Бірақ, Қарулы күштерде, ішкі істер органдарында, шекаралық әскерлерде, ішкі және сыртқы барлауда әскери міндетін өткеру еңбек құқығының пәніне жатпайды, олар әкімшілік құқықтың пәнін құрайды. Аталған орындардағы қызмет қарапайым жұмыс пен еңбек қатынастарының бірі шеңберінен шығып кетеді. Бұл қызмет мемлекеттік қорғаныс функциясын орындаумен байланысты.
Объяснение:Дұрыс болуы керек