Ана “Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады. Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!
Пейіш, тозақ таласар, таласуда баян бар,
Тозақ айтар: мен артық, менде Перғауын, Һаман бар.
Пейіш айтар: білмейсің, сенде қандай талғам бар?! –
Перғауын, Һаман сенде-дүр, менде Жүсіп, Кенған бар.
Тозақ айтар: мен артық, дүниепарас көп құл жүр,
Қолдарына салынған алмас кісен, от-шынжыр.
Пейіш айтар: мен артық, мен – Пайғамбар мекені,
Алдарында олардың: кәусар, һүр мен нөкері.
Тозақ айтар: мен артық, менде жөйіт, тарса бар,
Жөйіт, тарса тәндерін сансыз азап паршалар.
Пейіш айтар: мен артық, менде иманды құлдар бар,
Момындардың алдында шексіз нығмет – гүлзар бар.
Тозақ айтар: мен артық, залым құлдар бар менде,
Залымдарға беретін зәһар – менде, зәр – менде.
Пейіш айтар: мен артық, ғалым құлдар – төрімде,
Аят, Хадис, Құран бар ғалымдардың көңілінде.
Тозақ айтар: мен артық, алаяқ бар – қойнымда,
Оттан ескен кісен бар мұнафықтар мойнында.
Пейіш айтар: мен артық, менде – хақ жол тұтқандар,
Сопылардың көңілінде Зікір, Пікір, Сұбхан бар.
Тозақ айтар: мен артық, бейнамазды аяр бар,
Бейнамаздың мойнында жылан менен шаян бар.
Пейіш айтар: мен артық, менде – Дидар-Мұратың,
Жар Дидарын көрсетер бар Рахман – Рахым.
Тозақ сонда тақ тұрды, пейіш көкке самғады, ал,
Құл Қожа Ахмет, не білдің? –
Білдіруші Алла бар.