Менің бірнеше хоббиім бар, олар: кітап оқу, велосипед тебу және музыка тыңдау. Бірақ, ең негізгісі – ол сурет салу. Суре салуды кішкентай кезден бастап жақсы көремін. Үлкендер, маған түрлі-түсті қарындаштар мен ақ парақтарды жиі сыйлайтын. Мен бұл парақтарға өсімдіктерді, жануарларды және адамдарды бейнелейтінмін. Алғашқы суреттерім керемет болмаса да, сүйікті ісімді тастаған жоқпын. Шеберлігімді арттырудың арқасында, қазіргі суреттерімді бұрынғыдан гөрі жақсы саламын. Ең әдемі жұмыстарым, бөлмемде ілініп тұр. Болашақта, көркемсурет мектебіне оқуға түсіп, бүкіл өмірімді осы ісіме арнағым келеді.
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
Объяснение: