— Сәлем досым ! Мен саған сұрақтар қойғым келіп тұр, апайдың өтінішімен сыныбымыздағы барлық оқушылардан сұрап жүрмін.
— Сәлем, сәлем ! Әрине, сұрағыңды қоя бер !
— Қазіргі уақытта жойылып бара жатқан жануарларды, өсімдіктерді қалай қорғауда ?
— Қазір жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер қорғауға алынған. Оларды атуға, жұлып алуға тыйым салынған. Бұл жойылғалы тұрған жануарлар мен өсімдіктерді қызыл кітаптың әртүрлі парағында суреті мен аты жазылған. Егер адам тәртіп бұзса, заң алдында жауап береді.
— Жарайсың, келесі сұрағым: Сенің сирек кездесетін жануарларды қорғаудағы көзқарасың қандай ?
— Көзқарасым жақсы ! Заң қызыл кітаптағы жануарлар мен өсімдіктерді барынша қадағалайды, ал тәртіп бұзған жағдайда жазалайды.
— Керемет жауап ! Жарайсың, рахмет. Сау бол, келесі баладан сұрап келейін.
— Сау бол !