Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде (23 шілде) 1858-2 қазан 1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.
Арман алысқа жетелейді демекші менің де өз арманым бар.Менің арманым - әнші болу.Әншілікті жаным сүйеді . Бірақ бұл жай ғана ойым , болашақта басқа мамандық таңдап қалуым да ғажап емес.Жалпы өзім патриоттық , лирикалық , классикалық әндерді сүйіп тыңдаймын . « Армансыз адам қанатсыз құспен тең » демекші армансыз адам да болмайды . Қазіргі арманым ата - анама үлгілі қыз болып , сабақты жақсы бітіру.Ата - ана баланың көз қуанышы , бірақ қыз бала үшін ананың орны өте зор , сондықтанда анамды қуантқым келеді . Жаман оқимын дей алмаймын , құдайға шүкір сабақты жақсы оқып жүрмін.Арманымыз биікте болсын ! Әрқашанда арманымызға ұмтылып , талпынып , шарықтау шегіне жетейік достар !