Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері. Құс – біздің досымыз. Маған үнемі анам құстарға қамқорлық жасап, қорғап жүр деп айтады. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені ерекше. Олар өте әдемі. Кейбір құстар далаға салқын түскенде жылы жаққа ұшып кетеді. Күн жылығанда қайта ұшып келеді. Құстардың кейбірі адамға дос. Соның бірі қарлығаш. Ол адамдарға жақсылық ойлайды. Ол ұясын ауланың жанына салады. Қараторғай да өте сүйкімді, кішкентай құс. Ал аққу маған ерекше ұнайды, ол - өте әдемі құс. Оны киелі құс деп айтады. Аққуды атуға болмайды.
Балалар, құстарға жем шашып, қамқорлық жасауымыз керек. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуымыз керек. Құстарға ерекше қарап, қорғап жүрейік, достар! Өйткені құстар - біздің досымыз!
Денсаулық ең үлкен байлық
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
Объяснение:
Туған кездегі есімі
Ибраһим Құнанбайұлы
Туған күні
10 тамыз 1845
Туған жері
Қарқаралы, Семей облысы
Қайтыс болған күні
6 шілде 1904 (58 жас)
Қайтыс болған жері
Семей облысы
Ұлты
қазақ
Қызметі
ақын, ағартушы, философ, композитор, саяси қайраткер
Әкесі
Құнанбай Өскенбаев
Анасы
Ұлжан Асанова
Жұбайы
Ділдə
Шүкіман (Əйгерім)
Еркежан
Балалары
Ділдəдан: Ақылбай, Хакімбай, Əбдірахман, Мағауия, Күлбадан, Райхан
Əйгерімнен: Турағұл, Мекаил, Ізкаил, Кенже
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]
Абай Құнанбаев 1845 жылы туылған 1904 жылы қайтыс болды.(1845-1904).Семей өңіріндегі Шыңғытауда дүниеге келген.Ол орыс тілін жетік меңгергерген.Орыс тіліңде жазылған әдеби шығармаларды өте көп оқыды.Орыс және батыс ақындарының шығармаларын қазақ тіліне асқан шеберлікпен аударды.Оның 45 қара сөзі бар