М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
mainura2006
mainura2006
01.12.2021 05:10 •  Қазақ тiлi

Айтылым Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз. (6-8 сөйлем). [10]

1) Үйде электр қуатын үнемдеу жолдары.

2) Менің өлкем туралы шығармалар.

3) Астана қаласының мәдениет пен өнер ордалары.

4) Қазақстан қорықтары.

Тыңдалым:

Оқылым:

Жазылым:

Айтылым:

Барлығы:

қою кестесі

Тыңдалым, оқылым

Тапсырма Жауабы Қосымша ақпарат

Тыңдалым

1 c 1 Әр дұрыс жауапқа

2 д 1

3 Ең алғашқы Қызыл кітап 1999 жылы жарық көрді. 1

4 Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау 1

5 қорғау үшін 1

Оқылым

1

2 Астана

Сол жағалау 1

1 Әр дұрыс жауапқа

3 «Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында орналаспаған. 1

4 Н.Ә. Назарбаевтың 1

5 Астанада 1

Жазылым

Мазмұны ( ) Тіл сапасы ( )

5

Өте жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс. Өте жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4 Жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді. Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс. Жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

3 Қанағаттанарлық

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Қанағаттанарлық

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді.

Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

2 Төмен

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп

болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.

1 Өте төмен

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі. Өте төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.

Айтылым

Негізгі ойды ашуы ( ) Сөз қолданысы ( )

5

Өте жақсы

Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді.

Өте жақсы

Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4 Жақсы

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. Жақсы

Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.

3 Қанағаттанарлық

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын

ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. Қанағаттанарлық

Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.

Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.

2 Төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде

қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Төмен

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.

1 Өте төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде

қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі. Өте төмен

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Anna18301
Anna18301
01.12.2021

Бір сәт қиялға беріліп, арманның жетегіне еріп, ертегідегідей алтын балық ұстап алсам, қайтер едім? Қандай тілек тілер едім? деген сұрақтарға жауап іздеп көрейінші...

Әрине, қазіргі материалдық қоғамда ең алдымен ойымызға көп ақша келетіні сөзсіз, себебі қалтаңда ақшаң жеткілікті болса, біраз нәрсеге қол жеткізуге болатыны сөзсіз. Ең бірінші ойыма ақша келгенімен, өмірдегі басты құндылық ақшалай байлық емес, денсаулық пен отбасының амандығы екенін ұмытпаған жөн. Ата - әжелеріміз "ақша - су, бүгін бар, ертең жоқ" демекші, ақша тез жұмсалып кетеді. Сондықтан мен ең алдымен отбасы мүшелері мен өзімнің амандығымды тілер едім. Бұл – бірінші тілегім делік.

Тағы не сұрасам екен? Келесі кезекте отбасыммен әлем елдеріне саяхатқа аттанар едім. Ел аралап, жер көру, басқа адамдар мен мәдениетпен танысу, әрі ағылшын тілін қолданып, үйрену – менің арманым. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады.

Және үшінші тілегім - мектепті ойдағыдай аяқтап, еліміздегі беделді оқу орындарының бірі - С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне оқуға түсуді армандаймын. Бұл мені болашақта ғалым болуға бір қадам жақындатады. Аталған оқу орнын ойдағыдай тәмамдап, білімімді шетелде шыңдап, одан кейін елге оралып, медицина саласын дамытқым келеді.

4,4(67 оценок)
Ответ:
МарвиСК
МарвиСК
01.12.2021

Егер мен алтын балық ұстап алсам...

Бір сәт қиялға беріліп, арманның жетегіне еріп, ертегідегідей алтын балық ұстап алсам, қайтер едім? Қандай тілек тілер едім? деген сұрақтарға жауап іздеп көрейінші...

Әрине, қазіргі материалдық қоғамда ең алдымен ойымызға көп ақша келетіні сөзсіз, себебі қалтаңда ақшаң жеткілікті болса, біраз нәрсеге қол жеткізуге болатыны сөзсіз. Ең бірінші ойыма ақша келгенімен, өмірдегі басты құндылық ақшалай байлық емес, денсаулық пен отбасының амандығы екенін ұмытпаған жөн. Ата - әжелеріміз "ақша - су, бүгін бар, ертең жоқ" демекші, ақша тез жұмсалып кетеді. Сондықтан мен ең алдымен отбасы мүшелері мен өзімнің амандығымды тілер едім. Бұл – бірінші тілегім делік.

Тағы не сұрасам екен? Келесі кезекте отбасыммен әлем елдеріне саяхатқа аттанар едім. Ел аралап, жер көру, басқа адамдар мен мәдениетпен танысу, әрі ағылшын тілін қолданып, үйрену – менің арманым. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады.

4,8(20 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ