М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
123443210968687
123443210968687
13.02.2022 17:12 •  Қазақ тiлi

Мәтіндегі бос орындарға тиісті сөздерді қойыңыз. Есік обасы – 1 дәуірінен сақталған ескерткіш. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласының маңында, Есік өзенінің жағалауында орналасқан. 2 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі 3, мүшелері Б.Нұрмұханбетов, А.Г. Максимовалар) зерттеген. Антропологтардың анықтауынша, Есік обасына жерленген адам 4 жасар, бет бітіміне қарағанда ол сақтарға жатады. 5мол тігілген сәнді киім киінген. Басына түгелдей түрі де, көлемі де әр түрлі алтын қапсырмалармен сәнделген, төбесі шошақ, биік (65-70 сантиметрге дейін) бас киім киген. Бас киімінде жылқы, барыс, таутеке, құс бейнеленген 6алтын қапсырмалармен және тоғалармен сәнделген. Есік жауынгернің мойнында — ұшы жолбарыстың басы іспеттес алтын алқа, сол жақ сырғаларында — перузадан жасалған салпыншақтары бар, көз салған алтын сырға болған. Үстіне мата көйлек кигізілген, оның өңірі мен жеңдері неше түрлі алтын капсырмалар мен тізбелер араластырып, әшекейлеп, кестеленген; көйлектің сыртынан киілген 7бояумен боялған былғары бешпеттің өн бойы 8 басы бейнеленген алтын тоғалармен және үш сала жапырақ формасындағы кішкене тоғалармен қапталған.

👇
Ответ:

1. Сақ

2. 1969 -70

3. К.Ақышев

4. 17-18 жасар

5. Ол алтынмен

6.

Объяснение:

4,4(56 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
alinurkanat
alinurkanat
13.02.2022

Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті.

Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Халқымызда «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. Астана дамып, көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті.

1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.

Астана-сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі.

Объяснение:

Астана орнына Нұр Сұлтан

4,5(69 оценок)
Ответ:
Darya789
Darya789
13.02.2022

Досыма хат.

Сәлем Джон.Жағдайың қалай?Америкада не жаңалық?Ата-анаңа сәлем.Менде бәрі жақсы.Жазда Алматыға келем,-депсің.Келсең Алматы қаласын және Алтынемел ұлттық саябағы мен Шарын шатқалына бірге барып аралаймыз.Алтынемел ұлттық саябағы-520 мың гектар жерді алып жатыр.Туристер көп келеді.Шатқалдарда ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттері бар.Өсімдік пен жануарлар әлеміне бай жер.Құстардың 200түрінің 174 түрі саябақта ұялайды.400ден аса ақбөкен мен құландар мекендейді.Көбісі аң-құстардың қызыл кітапқа енген.Сақ дауірінде салынған "Бесшатыр"обалары бар.Ал Шарын ұлттық паркі-табиғи кешен.Паркте өсімдіктердің 940түрі өседі.Ертеде жоғалып кеткен аңдардың қаңқалары табылған.Паркті сіздердегі,АҚШ-тағы Улкен Колорадо каньонының кіші бауыры депте атайды.Каньонды "Қызғылт қамалдар" депте атайды.Мен саған өз елім туралы қысқаша түсінік бердім.Келген соң өз көзіңмен көріп араларсың.Саған ұнайтыны сөзсіз.Келуіңді асыға күтемін.Кездескенше сау бол.Досың Арслан. 27.12.2020.Қазақстан.
4,5(95 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ