М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
щгоот
щгоот
03.03.2021 12:37 •  Қазақ тiлi

.Төменде берілген тақырыпқа аргументативті эссе жазыңыз.Жазып болған соң,жұмысыңызды қайта шолып,онда кездескен салалас құрмалас сөйлемдерді анықтап,мағыналық түрлеріне ажыратыңыз. 《Экспо Халықаралық көрмесі Қазақстанның саяси аренадан маңызды орын алуына ықпал еткен шара 》тақырыбында аргументативті эссе жазыңыз .

👇
Ответ:

Экспо» халықаралық мамандандырылған көрмесі — ірі халықаралық көрме, онда жаңашыл ғылыми-техникалық жетістіктер, даму перспективалары, сонымен қатар бүкіл әлем елдерінің тарихы, дәстүрлері мен мәдениеті көрсетіледі. Дүниежүзілік көрмелерді өткізу нәтижесі халықаралық, экономикалық, саяси, мәдени және ғылыми байланыстарды кеңейту болып табылады. Дүниежүзілік көрмелер бес жылда бір рет өтеді.  

Алғаш рет Дүниежүзілік көрме 1851 жылы Ұлыбританияда өтті. Бірнеше ай ішінде мұнда ең түрлі экспонаттар көрсетілді, олардың арасында өнеркәсіптік тауарлар, қолөнер бұйымдары, машиналар, пайдалы қазбалары және тіпті өнер заттары көрсетілді. 1851 жылғы көрмені өнеркәсіптік революция тарихында маңызды негізгі кезеңі деп атаған жөн. Британдық қолөнершілер одағына тиесілі мұндай көрмелерді өткізу идеясы жалғасын тапты, сондықтан олар тұрақты түрде өте бастады, жылдан жылға күшейіп, анағұрлым орасан, ауқымды бола түсті.   Атақты  Эйфел мұнарасын 1889 жылы Парижде Дүниежүзілік көрме үшін Трокадеро сарайында орналасқан экспозиция аумағына кіретін қақпа ретінде сала бастағаны туралы азғана адам біледі. Сонымен қатар дүниежүзілік көрмелерді  өткізуге орай лондондық Хрусталь сарайы (1936 жылы өрттен жойылды) және Монреалда Хабитат 67 бірегей тұрғын үй кешені (1967 жылы көрме тақырыбы үйлер мен тұрғын үй құрылысы болатын) салынған болатын.    

«Экспо» өткізу бойынша эстафетаны АҚШ, Испания, Италия, Франция, Жапония, Корея, Бельгия, Бразилия, Қытай сияқты және басқа елдер  қабылдады.  

Экспо-2017 көрмесі—  Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында 2017 жылдың 10 маусымынан  бастап 10 қыркүйегіне дейін өтті. Оған 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмеге 3 млн адам қатысты.  

EXPO  көрмесін өткізген кезде  Қазақстанның елордасы әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған түрлі мәдениеттер үніне толды. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өткізілді.  

EXPO көрмесіне милиондаған туристер қатысты, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға тырысты.  

EXPO-2017 тақырыбы - «Болашақ энергиясы»,    әлемдік қауымдастықты толғандыратын энергияның баламалы көздері сияқты, ең өзекті тақырыптардың бірін баяндайды.   Көрменің  тақырыбын "Экспо 2017"  атты айқын жазылған қысқа логотип тамаша бейнелеген:  гүл күлтелерінің шеңбер бойымен ассиметриялық орналасуы энергияны және мәңгілік қимылды білдіреді. Көрмеде жаңартылатын энергия көздері және «жасыл экономика» қағидатын  іске асыру жөніндегі идеялар мен шешімдер көрсетілді:  өзін қамтамасыз ету үшін энергияны туындыратын ғимараттар, «ақылды үйлер», электрмобильдер, биотынмен жүретін автомобильдер және тағы басқалар.    

EXPO-2017  көрме кешенінің жалпы алаңы  орасан зор -     174 гектар. Оның ішінде  25 гектар  тікелей көрме аймағына бөлінген, оған Қазақстанның  Ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық және корпоратвитік павильондар кіреді.  Барлық салынған объектілер көрменің «Болашақ энергиясы»  - басты тақырыбына бағынады.  

Сфера кешені EXPO-2017 көрмесінің архитектуралық  көрігіне айналды. Ғимаратта ең жаңа технологиялар қолданылған. Осылайша, екі шусыз желгенераторларының жұмысы арқасында, Сферадағы энергияны тұтынуды төмендету  мүмкін болды.    

Сфера табаны маңында 5000 кв. м. аумақта екі негізгі аймаққа бөлінген Ұлттық павильон орналасады. Қазақстанмен танысу аймағы келушілерді Қазақстанның жер бедерімен, мәдениеті, тарихы, қазіргі жағдайы және келешегімен таныстырады. «Жасампаз энергия» аймағында отандық ғалымдардың «жасыл экономика» тақырыбы бойынша ең үздік жобалары көрсетілген.  

Сфераның әр деңгейінде   энергетиканың бір бағыты көрсетілген – ғарыш, күн мен жел, биомассалар, су және кинетикалық энергия. Соңғы деңгей келешек Нұр-Сұлтанды – Қазақстаның 2050 жылдағы  елордасын көрсетті.    

Сферада сондай-ақ,  төрт тақырыптық павильон да орналасты, олар көрмелердің мынадай тақырыптарын көрсетті: «Энергия әлемі», «Келешек  үшін энергия», «Барлық халыққа арналған энергия», «Менің келешек энергиям».

Ал «Ең үздік Тәжірибелер Аймағы»   атты павильонда жаңартылатын энергия көздерін  өндіру, сақтау және тасымалдау саласындағы 25-30 ең үздік әлемдік  тәжірибе көрсетілген.  Келешек энергяның тұжырымдамалық негіздеріне арналған «Қоғамдық аймақтар» қорытынды алаңша болады.

Объяснение:

4,5(29 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
айз14
айз14
03.03.2021

“Алып Ер Тоңға” - түркі халықтарының арғы ата-тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін қаһармандық жыр. Біздің заманымызға “Алып ер тоңға” дастанының жалпы сюжеттік желісі мен жекелеген үзінділері ғана жеткен.  

Дастанның басты қаһарманы Алып Ер Тоңға - аты аңызға айналған тарихи тұлға. Ол - біздің заманымыздан бұрынғы VII ғасырда өмір сүрген Тұран елінің әміршісі. көреген көсемі, сақтар әскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры, "Алып" - сақтармен ғұндар заманынан бері ел қорғаған батырлардың қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі есім. Алып Ер Тоңғаның тарихи тұлғасы мен дастандағы әдеби бейнесі жайында кезінде Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Хамза Исфахани, Рашид әд-Дин т.б. аса құнды пікірлер айтқан. Бұлардың бәрі де дастанның басты қаһарманы Алып Ер Тоңғаны сақтар дәуірінде өмір сүрген мемлекет қайраткері ретінде сөз етеді. Олар, әсіресе, Тұран мен Иран арасындағы соғыста Алып Ер Тоңға өзін аса дарынды қолбасшы ретінде танытқанын ерекше атап көрсетіп отырады. Фирдоусидің "Шахнамасында" Тұран елінің қалың қолын бастаған Афрасиаб (Альш Ер Тоңға) жорықтарын бейнелеп көрсеткен оншақты арнаулы тараулар бар. Олар: "Афрасиабтың Бәрман мен Құмайынды Сұхраб құзырына жіберуі", "Афрасиабтың қорқынышты түс көруі", "Афрасиабтың қайраткерлермен мәслихат құруы", "Сияуыш пен Афрасиабтың бір-біріне ант беруі", "Афрасиабтың Сияуышқа хат жазуы", "Афрасиаб пен Сияуыштың аңға шығуы", "Афрасиаб ордасына Рүстемнің түнде шабуыл жасауы", "Афрасиабтың ирандықтардан жеңілуі", т.б. Демек, парсы елінің ұлы шайыры Фирдоуси (940 - 1030) осы “Алып ер тоңға” дастанын толық күйінде оқыған сияқты. Ол өзінің "Шахнамасында" Тұран елінің патшасы, әскери қолбасшысы, даңқты батыры Алып Ер Тоңға жайында әфсана-аңыздарды, тарихи деректерді, мақтау өлеңдері мен жоқтау жырларын аса дарынды сөз зергерлеріне ғана тән шеберлікпен пайдалана білгені көрініп-ақ тұр. Алайда бұл арада мықтап ескеретін бір жәйт бар.  

Алып Ер Тоңға - Тұран елі үшін жағымды қаһарман, ал Иран жағы үшін ол нағыз жау, басқыншы патша екені мәлім. Сол себепті ұлы шайыр "Шахнамада" Алып Ер Тоңғаны (яғни Афрасиабты), бір жағынан, жанкешті батыр, орасан күштің иесі, дарынды қолбасшы етіп көрсетсе, екінші жағынан, Иран елін қанға бөктіруге әзір тұрған залым патша ретінде бейнелейді. Соның өзінде, Фирдоуси өз шығармасында Алып Ер Тоңғаның түркі дастанындағы батырлық келбетін көп өзгертпей сол калпында сомдап берген сияқты. Ислам дәуірі әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ғұлама-ақын Жүсіп Баласағұн (11 ғ.) да кезінде “Алып ер тоңға” дастанын түпнұсқадан оқып, оны өзінің "Құтты білік" дастанында шеберлікпен пайдаланғанын аңғару қиын емес. Жүсіп Баласағұн "Құтты білік" дастанының Алып Ер Тоңғаны жырлауға арналған бөлімін "Мақтауға тұрарлық қасиеттер және ізгі істердің пайдасы туралы" деп атаған. "Құтты білік" дастанының 277-бәйітінен бастап 286-бәйітіне дейінгі аралықта түгелдей дерлік Алып Ер Тоңғаның ізгілікті істері, асыл тектілігі, даналығы, Тұран елін басқарудағы көрегендігі, дарынды қолбасшы болғандығы, қарапайым халыққа қамқоршы болғаны, жомарттығы, мәрттігі, т.б. ізгі касиеттері мадақталады.  

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Эл. пошта: [email protected] 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 112) © adebiportal.kz

https://adebiportal.kz/kz/characters/view/178

Объяснение:

4,4(39 оценок)
Ответ:
Эверяшка
Эверяшка
03.03.2021

Көтерілістің шығу себебі

Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.

Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.

Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.

Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.

Объяснение:

4,7(23 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ