Етістіктің шақтары – іс-қимылдың уақытын білдіретін етістіктің тұлғасы. Олар 3-еу:
1) Осы шақ – сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді.Оның 2 түрі бар:
1. нақ осы шақ – дәл сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді. Жалаң н.о. ш жатыр, отыр, жүр, тұр салт етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы:жатырмын, отырсыз, тұрмыз. Ал күрделі н.о.ш (-а, -е, -й,-ып,-іп, -п )+(жатыр, отыр, жүр, тұр) + жіктік жалғауы жалғануы арқылы жасалады. Мысалы : бара жатырмын, келіп отырсыз.
2. ауыспалы осы шақ – күнделікті дағдылы болып жатқан іс-қимылды білдіреді. Етістік+(-а, -е, -й)+ жіктік жалғауы. Мысалы: Күнде сабаққа бар+а+мын.
2) Келер шақ – сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатын іс-әрекетті білдіреді.3 түрі бар:
1. Болжалды келер шақ – іс-қимылдың келешекте болатынын дәл көрсетпей, болжай ғана білдіреді. Жасалу жолы:етістік+(-ар, -ер, -р) + жіктік жалғауы. Мысалы: Ертең сабаққа бар+ар+мын.
2. Мақсатты келер шақ – іс-қимылдың келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Жасалу жолы:етістік + (-мақ, -мек, -пақ, -бақ, -бек)+(-шы, -ші)+жіктік жалғауы. Мысалы:Ертең сабаққа бар+мақ+шы+мын.
3. Ауыспалы келер шақ – алдағы уақытта болатын іс-қимылды білдіреді. Жасалу жолы:етістік + (-а, -е, -й)+жіктік жалғауы. Мысалы:Ертең сабаққа бар+а+мын.
3) Өткен шақ – сөйлеп тұрған уақыттан бұрын біткен іс-әрекетті білдіреді.Оның да 3 түрі бар:
1. Жедел өткен шақ – іс-қимылдың жуық арада болғанын білдіреді.Жасалу жолы:етістік + (-ды, -ді, -ты, -ті)+жіктік жалғауы. Мысалы:Кеше сабаққа бар+ды+м.
2. Бұрынғы өткен шақ – іс-қимылдың жалпы болғанын көрсетеді. Жасалу жолы: етістік + (-ған, -ген, -кан, -кен, -ып, -іп, -п)+жіктік жалғауы. Мысалы :Кеше сабаққа бар+ған+мын.
3. Ауыспалы өткен шақ – сөйлеп тұрған уақытқа дейін дағдылы болып тұрған іс-қимылды білдіреді. Жасалу жолы:етістік +(-атын, -етін, -йтын, -йтін)+жіктік жалғауы. Мысалы:Күнде сабаққа бар+атын+мын.
“Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек” демекші,ертеден халқымыз киімінің сәнді әрі ыңғайлы болуын қалаған.Жыл өткен сайын киім үлгілері түрлене берген.Ал жастардың киімі қандай? Сауда үйі,базарлардағы саудагерлердің айтуынша қазір жастар классикалық киімдерден гөрі спорттық киімдерді таңдайды екен.Жастарда көбінесе Батыстың,Кореяның киімдерін алуға сұраныс көп.Қысқа кию жараспайтындар да,ұзын киген ерсі болып тұратын да жастар бар. Менің ойымша,қандай киім болмасын ол алған адамға жарасымды әрі ыңғайлы болуы керек деп білемінҚазіргі жастардың киімі джинси, джинсовка жəне ұзын күрте (кордиган) т.б киімдер. Қазіргі таңда қысқа футболка қыздар көп қолданады.осы джинсидың тағы бір сəнді түрі жыртылған джинси.Осы жігіттердің киімі джинси,футболка жəне қыс кезінде қалың күрте.
Объяснение: