1-тапсырма
1.Қазақстанның табиғаты өте әдемі және ерекше болып саналады. Себебі, бір көргеннен сіз ғашық боласыз.
2.Қазақстанның жерін 10 пайыз таулар алып жатыр.
3.Адам табиғатпен тығыз байланысты.
4.Сізге Қазақстан жерлерінен қандай тау ұнайды?
5.Маған Алтай тауы қатты ұнайды. Себебі, ол өте әдемі және көркем тау болып саналады.
•Оқылым:
1)Суық-ыстық
Ақ-қара
Қысқа-ұзын
2)Қыс айларына Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан, жатады.
3)Қыста балалар далада қармен асыр салып ойнайды.
Объяснение:
Жазылым:
Менің суым
Сенің суың
Сіздің суыңыз
Оның суы
Біздің суымыз
Сендердің суларың
Сіздердің суларыңыз
Олардың сулары
Объяснение:
1)дұрыс
2)бұрыс
3)бұрыс
4)бұрыс
5)дұрыс
2 тапсырма
Толағайдың батырлығы
3 тапсырма
Тау,Толағай,жаңбыр, Тарбағатай,ақсақал Дана
4 тапсырма
Су адам өміріндегі ең маңызды орын алады.Себебі адамдар сусыз өмір сүре алмайды,жануарлар да барлығы өледі.Сусыз гүлде топырақ,әсіресе бақшамыз да жайнамайды."Су түссіз дейді"ия су не ақ емес не көк түсті емес.Су адам организміне өте зор үлес қосады.Мысалы ас ішіп нан жесек,сумен қортуымыз қажет.Адам организмінде су өте қажет.Және жерде сусыз көгермей,шөптер өспейді.Адам өмірі,яғни жалпы өмірде су бірінші орынды алады,ал күн шуағы, аудан төмен.Себебі жерді де көгертетін су мен күн шуағы.Гүл және тіршілік иелері де су мен күнсіз қурап,өледі.Су мен күнсіз мына бізге өмір жоқ!
Киімі айналадағы ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы, үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал айналасында болатын маса – шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады.
Киім кию адамның сыртқы дүниесіне ғана байланысты мәселе емес екені ертеден мәлім. Адамның киген киімі оның ішкі дүниесінен хабар беріп тұратыны анық. Есі түзу адамның тойға киетінін қойға, қойға киетінін тойға кимейтіні де бесенеден белгілі. «Адам көркі шүберек», «Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады» деген мақалдар да біраз жайдан хабар бергендей. Дүниеде әр халық пен қауымды басқа халықтардан ерекшелеп тұратын нәрселері тілі мен дінін айтпағанда: салт-дәстүрі, ішер асы мен киер киімдері сияқты нәрселер. Осыған байланысты пайғабарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, «Кім бір қауымға ұқсаса (еліктесе) ол – солардан» дейді. Яғни, осы дүниеде кім бір қауымға еліктесе, Қияметте ол солармен бірге тіріліп, солармен бірге болады. Бірақ жастарымыз, жастар ғана емес кейбір жасамыстарымыз да жаһанданудың «жемін» жеп, қағынан жерініп, ұлтсыздануға ұрынып, америкалануға аңсары ауып, батыстануға бүйректері бұрылып жүр. Жаһанданудың жеткізген тағы бір «жетістігі» - жастарды жалаңаштануға жетелеп желіктіріп жүр. Сондықтан америкаланған, жаһанданған жастар мейлінше ойын да, бойын да ашық көрсетуді ерлік санайтын сияқты. Осының кесірінен жылдан жылға жалаңаштанудың жаңа үлгілері «жетіле» түсуде. Қыздарымыз кіндігін ашып қана қоймай, кіндігіне жылтыратып сырға тағып қоятын болды, жеңіл жүрісті жезөкшелер ғана киетін киімдер әр үйдегі қыз-келіншектердің күнделікті көшеге киетін киіміне айналып, үйреншікті болып бара жатқаны үркітеді. Киімнің негізгі міндеті аты айтып тұрғандай адамды киіндіруі тиіс болса керек. Ал қыздарымызды киіндіруден гөрі шешіндіруге көбірек қызмет ететін «киімдер» бұл күндері қала қыздарын қамтып қана қоймай, ауылдарды аралап кеткелі қашан?!.