аллегория, (көне грекше: allёgorіa — астралап, пернелеп айту), — оқырманның не көрерменнің санасына, қиялына ерекше әсер ететіндей, образ жасаудың бейнелеуші құралы, көркемдік тәсіл. Аллегорлау көркемдік тәсілдердің ең көнесі, бастауын мифтен алып, фольклорда ерекше дамыған. Түлкі — қулық, арыстан — зорлық, қасқыр — қастық, қоян — сужүректік, есек — ақымақтық, аққу — адалдық, махаббат т.б. түрінде бейнеленетін персонаждарда адамдарға тән мінез пернелеп айтылса да, бірден санаға, қиялға әсер етіп, көз алдыңа елестейді. Әлемдік сөз өнерінде ғасырлар бойы қалыптасқан типология ортақ бейнелер Аллегорлау арқылы беріледі.
Мысал. Абайдың мысал өлеңдері И. А. Крылов шығармаларынан аударма деп саналып жүр. Алайда осы өлеңдерді талдап, бағалағанда бір жайды толық ескерту қажет. Олар толық мағынасында аударма емес, көбіне белгілі бір сюжет еркін баяндалады. Абай орысша мысалдың тексін дәлме-дәл тәржімалауды мақсат етпеген, негізінен оқиға желісін сақтай отырып, мысалдағы жай-жағдайларды қазақөміріне, уғым-тұсінігіне, ойлау, сейлеу ерекшелігіне жанастырып, өзінше бейнелеуге үмтылған. Сондықтан Абайдың мысал өлеңдерін орысша текске сәйкестігі түрғысынан қарап, ана жері дәлтұскен, мынажері дәлемес, кемтұскендеудің ешбір қисыны жоқ.
Ахаң туралы: «Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы туған тілдің, туған мәдениеттің басында тұрды. Туған тілдің әдеби нормасын жасады. Бірде-бір бөгде тілдің сөзін қоспай, бірде-бір цитата келтірмей, таза, мөлдір тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен «Әдебиет танытқышты» жазып шықты» деп, Ахаң туған топырақта дүниеге келген қазақтың көрнекті ақыны Сырбай Мәуленов жазғанындай, оның қаламынан туындаған шығармаларының қай-қайсынан да хас зергердің қолынан шыққан әсем бұйымдай мінсіз, қисынды баламалар молынан табылады. Тіл, әдебиет зерттеушілері Ахаң жасаған атауларды сала-салаға жіктеп, ол жөнінде айтып та, жазып та жүр. Оның сөз тудыру шеберлігі мен қазақтың сөзжасам, терминжасам саласының дамуына қосқан үлесі, тәжірибесі туралы арнаулы зерттеу еңбектері де жазылды. Соған қарамастан, Ахаңның шығармашылығына үңілген сайын оның қаламынан туындаған өз заманының жаңа атаулары мен қолданыстары әлі табыла береді. Осының өзі біздің тіл мамандарының, А.Байтұрсынұлының шығармашылығын зерттеуші ахметтанушылардың алдында әлі де ғалым мұрасын жан-жақты әрі терең зерделей түсу міндеті тұрғанын аңғартады.
Құмырсқа (Formicidae) – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр аралдарда және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олар Жер биомассаның 10-25% құрайды. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі. Құмырсқаларды зерттейтін ғылым мирмекология деп аталады. Құмырсқаларды зерттеген алғашқы ғалымдардың бірі - Эрих Васманн.
Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 – 100 мың дарасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары – жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық құмырсқалар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі
Объяснение: