Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір ай ішінде еңбек нарығына кешенді талдау жүргізіп, жұмыспен қамту шараларының тиімділігін бағамдауы тиіс. Министрліктің алқа отырысында вице-премьер Ералы Тоғжанов осындай тапсырма берді.
"Нақты табыстың өсуіне бағытталған кешенді шаралардың ішінде - көмек көрсету, қолдау шаралары маңызды. Жұмыспен қамту жол картасы жүзеге асырылды. "Еңбек" бағдарламасы жұмыс істейді. Оған да қатысты сұрақтар бар, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруы кезеңіндегі тиімділігін саралау керек", – деді Тоғжанов.
Одан бөлек, әлеуметтік саладағы заңнаманы мұқият түгендеу қажет. Вице-премьердің пікіріне жүгінсек, негізгі басымдық бірыңғай әлеуметтік саясатты жүзеге асыру және мемлекет кепілдік берген барлық әлеуметтік міндеттемелерді сақтауға беріледі.
"Әртүрлі пікір көп, мен оны білемін. Бұл өте маңызды мәселе. Еңбек нарығы мен жұмыспен қамту тетіктерінің тиімділігіне кешенді талдау жүргізу үшін Еңбек министрлігіне бір ай жеткілікті болар деп ойлаймын", - деді вице-премьер.
Сонымен қатар вице-премьер зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша жасалған ұсыныстардың бәрі барлық тараптардың мүддесін ескеруі тиіс екенін айтып өтті.
«Бұл жүйені біз әлі талқылаймыз. Бұл мәселеге салмақпен, байыппен қарауымыз керек»,– деп түйіндеді Тоғжанов.
Біз, адамдар көбіне «Бақыттымын» деп айтпаймыз. Сол сәт біздің бақытты шағымыз екенiн де біле бермейміз. Уақыт өте келе барып, сол күндердің бақытты шақ екенін байқаймыз. Көңілімізге сәл қаяу түссе, өзімізді бақытсыз сезінеміз, өз өміріміздегі, жеке басымыздағы шешімі табылмай жүрген маселелерді ғана ойлап, абыржу хәлін тудырамыз. Осы тұста жиырмасыншы ғасырдың көрнекті жазушысы, психолог Дейл Карнегидің афоризміне тоқталсақ: «Өзімізді бақытсыз деп сезінуіміздің себебi, басымыздағы бақытымызды тіршілікпен алысып жүріп, байқамауымызда». Бақыт - атақ та емес, мансап та емес. Байлық, әр жанның түсінігінше әрқалай. Мысалы, ата-ана үшiн - баласының амандығы, мүгедектер үшін - денсаулық амандығы, зағиптар үшін - әлемнің жарығын бip көру. Ал, мен ушін бақыт - ата-анамның және бауырларымның амандығы, үміттерін ақтап, оқуымды аяқтап, өз бетіммен жұмыс жасап, еңбегімнің жемісін ата-анама таттыру. Міне, осының өзі мен үшін бip бақыт болып саналады. Сондыттан, Д. Корнегидің мына сөзін ұмытпағанымыз абзал: «Бақыт тапқыңыз келсе, өзгелердің сізді мойындауы туралы ойламаңыз. Қуанышты өз ішіңізден табуға тырысыңыз. Өз-өзіңізбен бақытты болыңыз». Иә, өзімізді бақытты кылатын өзіміз. Бақытты болыңыз!