Су - тіршіліктің көзі. Психолог Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», - дейді. Мысалы, су денемізге азық пен оттегін тасымалдайды, ұйқыны қалыпқа келтіреді, көздің жақсы көруіне ықпал етеді, иммунитетті күшейтеді. Дәрумендер мен минералдардың таралуын реттейді. Әрі судың денені жарақаттанудан қорғайтын қасиеті де бар екен. Үлкен адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал денеде 20 пайыз су жетіспесе, ол ағзаға қауіп төндіреді екен.
Ғалымдардың зерттеуінше, Жер бетінің 70 пайызы судан тұрады. Бірақ соның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды. Ал ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталған. Сондықтан адамдар оны қолдана алмайды. Сонда ғаламшардағы адамдардың барлығы тек 1 пайыз ғана ауыз суды пайдаланады. Сол себепті жер бетіндегі халыққа су қоры жетпейді, әлемде су тапшылығы мәселесі бар.
Ол, әсіресе, Африка және Қытай елдерінде байқалады. Судың жетіспеуінен жер бетінде мыңдаған адамдар түрлі ауруларға шалдығады. Осы ғаламдық мәселе болса да, адамзат суды үнемдеуді ойламайды.
(156 сөз)
1-тапсырма. Мәтінді оқып, әр ойбөлікке тақырып қой. Тірек сөздерді теріп жазыңыз.
Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр.
Міне, сентябрь туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр. Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар от басында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай!