Сақтар (б.з.б Ы мыңжылдық- б.з Ы ғ.)- қазақ жерінде өмір сүрген ежелгі тайпа. Олар Солтүстік Үндістан, Ауғаныстан, Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерлерін мекен еткен. Сақтар, негізінен, мал өсірумен айналысқан. Әсіресе, жылқы малын көптеп өсірген, өйткені жылқыны жоғары бағалаған. Сақтар ат құлағында ойнайтын шабандоз, әрі ат үстінде садақ тартып, атқанын мүлт жібермейтін мерген болған. Мұндай өнерде оларға ешкім тең келе алмаған. Олардың аттары да таң қаларлықтай жүйрік болған. Бірде парсылар патшасы сақтардың бір сарбазының астындағы атына қызығып, айырбас ретінде оған өзінің байлығын ұсынған екен. Бірақ сарбаз одан бас тартқан көрінеді. Уақыт өте келе отырықшылыққа көшкен. Жер өңдеп, егін шаруашылығымен шұғылданған . Бекіністі қалалар мен шағын елді мекендер салған. Сол бір алыс кезеңде олар өз мемлекеттерін құрған. Сақтар қоғамында әскери адамдар- жауынгерлер ерекше құрметке ие болған. Батырлығымен, мергендігімен көзге түскен адамдардың арасынан патша, көсем сайланған. Оларда әйелдер мен қыздар да ержүрек болған. Соғыс өнерін жетік біліп, еркектермен бірдей соғысқан. Мысалы, Томирис патшайым ақылы мен айласы, батырлығы арқасында парсы әскерін жеңгенін тарихтан білеміз. Сақтарда қолөнер мен зергерлік өнер жақсы дамыған. Олар әр алуан жануарларды: бұғыны, жылқыны, түйені, бұланды, барысты, тауешкіні өте шебер бейнелеген. Киімдерін жануарлар бейнесі бар алтын жапсырмалармен сәндеген. Шошақ төбелі бас киім, шекпен, шалбар және етік киген. Олар темірді қорытып, еңбек және соғыс құралдарын жасаған. Табиғат күштері мен аспан шырақтарыга, әсіресе, Күн мен отқа табынған. Көшпелі қоғамдағы тұңғыш жазу сақтарда пайда болған. Сақтардың сауатты болғанының бір айғағы- Есік қорымындағы "алтын адаммен" бірге көмілген күміс тостағанның түбіне түсірілген таңбалар. Ол - Қазақстаннан табылған ең ескі
Қазақ халқының шығу тегін зерттеу, оны оқыту мәселесін қарастырғанда, біз көне дәуірлерде жерімізде өмір сүрген тайпалар тарихына соқпай өте алмаймыз. Әрине, бұдан 3—4 мың жыл бұрын қазақ жерінде өмір сүріп, көне мәдениеттің ескерткіштерін қалдырған тайпаларды қазақ халқының тікелей ата-бабасы деу шындықтан алысырақ болар. Сонымен қатар бұл тайпалардың қазақ мәдениетінің, дәстүрлі шаруашылығының, т.б. этностық қасиеттерінің қалыптасуына қатынасы болған-болмағандығын саралау — ғылыми қажеттілік деп есептейміз.
Қандай болмасын халықтың шығу тегі — этногенезі оның мәдениетінің шығу тегімен (культурогенез), тілінің шығу тегімен (глоттогенез), түр-сипатының қалыптасуымен (расогенез) байланысты.
Қазақстан жерін көне заманда мекендеген тайпалар бізге қола дәуірінен бастап белгілі. Дегенмен олардың этностық атауы жөнінде нақты деректер жоқ.
Қазақстан аумағын және көрші аймақтарды б.з.д. 2-мыңжылдық мен 1-мыңжылдықтың арасында мекендеген тайпаларды біз олардың мәдениетінің атымен андрондықтар деп атаймыз.
Андрондықтардың этностық тегі жөнінде әлі дәлелденген пікір жоқ. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, андрондықтар фин-угор этностық тобына жатқан. Фин-угорлар дегеніміз — кейінгі финдер, марийлер, мордвалар, т.б. осы тілдес халықтардың ата тегі. Бір топ ғалымдар андрондықтар унді-иран немесе арийтектес халык деп есептейді. Үнді-иран, арий тілінде сөйлегендер қазіргі үнді, иран, пуштун, тәжік, т.б. халықтардың ата тегі. Андрондықтар — үнді-иран тектес деуші ғалымдар сан жағынан басым. Кейінгі кезде жекелеген ғалымдар: "Андрондықтар — түркі тілдес халық болған" деген пікір айтуда.
Андронов тарихи-мәдени бірлестігінің іздері Батыс Сібірден, Енисейден, оңтүстікте Орталық Тянь-Шаньнан, Оңтүстік Тәжікстаннан, Ауғанстаннан, тіпті Солтүстік Пәкстан жерінен де табылуда. Андронов мәдениетін қалдырушы қола дәуірі тайпаларының негізгі орталығы Қазақстан жері болды. Бұдан біз, негізінен, Қазақстан жерін мекендеген андрон тайпаларының сол көне заманның өзінде-ақ көп жұрттармен мәдени-этностық байланыста болғандығын байқаймыз.
Андрондықтар Қазақстан жерін 1 мың жылдай мекендеді, Қазақстан жерінде өздерінің ең көрнекті мөдени ескерткіштерін қалдырды, олар — қоныстар мен жерлеу орындары. Бұлардың жақсы зерттелгендері Орталық, Шығыс және Солтүстік Қазақстан жерінде.
Қазақ жерімен көршілес далалы аймақтардағы кемінде 3 мың жылдық тарихы бар көшпелі шаруашылық, тұрмыс, мәдениетінің негізін осы андрондықтар салды. Андрондықтар Еуразия даласындағы алғашқы металл өндірушілер болды. Оған — қола құрал-сайман, қару-жарақ жасауға қажетті шикізаттар — мыс пен қалайы кеніштерінің көп табылуы бірден-бір дәлел.
Андрондықтардың қыш ыдыстарындағы "балдақ", "үшкіл", т.б. өрнектерін кейінгі қазақтардың бау, басқұр, алашаларынан көруге болады.
Қола дәуіріндегі тайпалардың отқа, күнге табынуы, ата-баба аруағына сиыну, құрбандық шалу, туыстас адамдарды ортақ қорымға қою салты, жылқы мен қой малын көп өсіріп, солардың еті мен сүтін көп пайдалануы олардың қазақтармен мәдени тектестігін көрсетеді.
Заттың бір күйден басқа бір күйге ауысуы оның еркін энергиясының, энтропиясының, тығыздығының, т.б. физикалық қасиеттерінің секірмелі өзгеруімен қоса қабат жүреді. Барлық зат (кейбір заттан басқасы) үш түрлі – қатты, сұйық және газ тәрізді агрегаттық күйде болады. Мысалы, су p=101 325 Па=760 мм сын. бағ. қалыпты қысымда және Т=0°С температурада мұзға, Т=100°С температурада қайнап, буға айналады. Плазма заттың төртінші агрегаттық күйі болып есептеледі. Заттың агрегаттық күйі температура мен қысымға тәуелді. Заттың агрегаттық күйін анықтайтын негізгі шама – молекулалардың өзара әсерінің орташа потенциалдық энергиясының олардың орташа кинетикалық энергиясына қатынасы [~(T, p)]. Мыс., қатты денелер үшін ~(T, p)1, газдар үшін ~(T, p)1, ал сұйықтықтар үшін ~(T, p)1.басталады. Заттың бір агрегаттық күйден басқа бір күйге ауысуы оның потенциалдық энергиясының секірмелі өзгеруімен қоса қабат жүреді және ол молекулааралық қашықтық пен молекулааралық өзара әсерге тәуелді. Газдарда молекулааралық қашықтық молекулалардың сызықтық өлшемінен әлдеқайда үлкен. Сондықтан газда молекулалар бір-бірімен өзара әсерлеспейді деуге болады, олар еркін қозғала отырып, бүкіл көлемді толтырады. Кез келген газды белгілі бір қысым мен температурада сұйықтыққа, одан кейін қатты күйге келтіруге болады. Сұйықтықтар мен қатты денелерде (қоюланған не тығыздалған денелерде) молекулалар (атомдар), едәуір дәрежеде бір-біріне жақын орналасады да, олардың бір-бірімен әсерлесуі күштірек болып келеді. Осы себептен сұйықтықтар мен қатты денелер өз көлемдерін сақтайды. Дегенмен, қатты денелер мен сұйықтықтардағы молекулалар қозғалысының сипаты олардың әрқайсысында әр түрлі. Олардың құрылымы мен қасиеттерінің бір-бірінен өзгешелігі осы жағдаймен түсіндіріледі. Кристалл күйдегі қатты дене атомдары кристалдық тор түйіндерінің маңында әлсіз тербеліс жасайды. Мұндай денелердің құрылымы атомдардың реттелгендік (алыс және жақын реттелгендік) дәрежесінің жоғарылығымен сипатталады. Сұйықтық молекулаларының (атомдарының) жылулық қозғалысы молекулалардың тепе-теңдік қалып маңындағы әлсіз тербелістері мен олардың бір тепе-теңдік қалыптан басқа бір тепе-теңдік қалыпқа секірмелі түрде жиі ауысып тұруынан құралады. Сұйықтық бөлшектерінің тепе-теңдік қалыпқа ауысуы олардың орналасуында тек жақын реттіліктің болатындығын және оларға қозғалғыштық пен аққыштық қасиеттер тән екендігін көрсетеді. Ал, плазманың басқа агрегаттық күйлерден айырмашылығы – оның зарядталған бөлшектер (иондар, электрондар) газынан тұратындығы. Плазмада бөлшектер бір-бірімен үлкен қашықтықта әсерлесе береді. Бұл жағдай плазманың өзіне тән кейбір қасиеттерін анықтайды.[1]
Құрылымы жағынан көбірек реттелген заттың агрегаттық күйінің одан гөрі азырақ реттелген күйге ауысуы белгілі бір температура мен қысымда секірмелі түрде (қ. Балқу, Қайнау), сондай-ақ, үздіксіз де (қ. Фазалық ауысу) жүруі мүмкін. Сондықтан, үздіксіз ауысу мүмкіндігі, Заттың агрегаттық күйінің әр түрге бөлінуінің шартты екендігін көрсетеді. Бұл жағдай сұйықтық құрылымын сақтайтын аморф денелердің, кейбір заттарда бірнеше кристалдық күйлердің, сұйық кристалдардың, т.б. болуымен дәлелденеді. Осыған байланысты қазіргі физикада З. а. к. ұғымының орнына одан гөрі кеңірек – фаза ұғымы пайдаланылады.[2]