Семирамида аспалы бағы — Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс, Әлемнің жеті кереметінің бірі. Бұл сәулет туындысы ежелгі дәуірде билік жүргізген патша Навуходоносор ІІ-нің бұйрығымен өзі тұратын сәулетті сарайдың кең ауласында тұрғызылған. Тарихи деректерге қарағанда, Навуходоносор б.з.б 605-562 жылдар аралығында патшалық етіп, Вавилон империясын құрып, кейін Вавилон қаласының атағын шығарған. Табаны төртбұрышты, төрт қабатты алып құрылыс тепкішектері жоғары көтерілген сайын қусырылып биіктей береді. Семирамида аспалы бағының әрбір террасалы тепкішектері үстіне қалың құнарлы топырақ төгіледі, әрі соның бетіне Вавилонияның, Мидияның және басқа елдерден арнайы алдырған алуан түрлі жеміс ағаштары мен көк желекті бұталар отырғызылады. Шөлді, ауа-райы ыстық Вавилония елінде көкке шаншыла, жапырақтары жайқалып өскен ағаштардың саясынан ескен салқын самалды аспалы бақ жергілікті тұрғындарды таң-тамаша қалдырады. Сол дәуірдің куәгерлері қалдырған деректерге қарағанда, осындай таңғажайып тамаша аспалы бақ дүние жүзінің ешбір елінде болмағанға ұқсайды. Сонысымен ол “әлемнің жеті кереметінің” біріне айналса керек. Бұны Бағдадтың оңт. жағынан 88 км қашықтықтағы Вавилон қаласының орнына жүргізілген археологиялық қазбалар кезінде бақ террасаларын суаруға арналған алып конструкциялы құрылыстардың табылуы да дәлелдей түседі.
Қазақстанмен шектескен Моңғолия аумағында пайда болса да бұл ұлыстардың еліміздің шежіресінде өзіндік қолтаңбасы бар
Олар мемлекеттiлiк бастауларына үлес қосты. Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта кезiнде Ертiстің жоғары тұсы мен Орхон өзенінің аралығында сегiз-оғыз атаумен пайда болған.
Сегiз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейiнгi жердi алып жатты. Х-ХІІ ғасырдың басында наймандар Ляо империясына тәуелдiлiкте едi. Керейiттер (керейлер) мен меркiттермен одақтасқан наймандар iрi мемлекетті құрылымға айналды. Наймандар өздерiн қоршаған көшпелi және отырықшы-егiншi этностармен, әсiресе қаңлылармен өте тығыз этникалық саяси және мәдени байланыс орнатты.
1125 жылы Қидан мемлекетi күйрегеннен кейiн, оның орнынан бiрнеше мемлекеттік бiрлестiктер құрылды. Олардың арасынан жетекшiлiк рөл керейiт хандарының қолына көштi. Керейiттер туралы алғашқы мәлiметтер Х ғасырдың басында кездеседі. Олар Шыңғысхан шапқыншылығына дейінгі кездерде Моңғолия мен Алтай аумағына үстемдiк еткен. Жалайырлар Шыңғыс хан империясының өрлеу кезiне қарай қазіргі Моңғолия жерінің Хилок және Орхон сағасы аймағын мекендеген. Наймандар, керейiттер, жалайырлар құрған ұлыстар — алғашқы феодалдық мемлекеттік құрылымдардың бір көрінісі болып табылады.
Ұлыс ру да, тайпа да емес, ол рулық-тайпалық институттардан жоғары тұрады. «Ұлыс» ұғымы ол кезде «халық" дегендi бiлдiрген. Ұлыс құрамында қандас туысқан адамдардың болуы мiндеттi емес едi. Әрбiр ұлыс белгiлi бiр аумақты иелендi. 1185 жылы Шыңғыс хан меркiт ұлысын талқандаған соң, кейін керейiттерде оған бағынады. 1190 — 1206 жылдары Орта Азиядағы соғыстар нәтижесiнде найман, керейiт, меркiттердiң бiр бөлiгi елімізге қоныс аударған. Моңғолдардың шапқыншылығынан кейін найман мен керейiт топтары, жалайырлар қазақ хандығының негізін құраған алғашқы руларға айналады.
Сырдарияға жеткен наймандар, Едiлдегі керейiттердiң бiр бөлiгi өзбек, қырғыз құрамына, ал шағын тобы қазақтар құрамына кiрдi. Екінші бөлігі Солтүстік Қазақстанда қалып, керей (ашамайлы керей, абақ керей) деген атпен Орта жүз қазақтарына қосылды. Үшеуі-де әлеуметтік-саяси дамудың бiр-деңгейiнде тұрды. Бұл мемлекеттерде iс жүргiзу кең таралған. Құжаттар мөр басу арқылы бекiтiлген. Алым-салық жинау, адамдарды қызметке тағайындау құжаттарына мөр басылған. Ұлыстарда хан қосынының (ордасының) басқару органдары, әскерi және жасауылы бар басқару аппараты жұмыс iстегені бүгінгі таңда бізге белгілі болып табылады