Жаңа жыл, жаңа жыл!
Қош келдің тағыда.
Дайындап жаңа жыр-
Біз күттік сағына!
О, алақай! Аяз атай!
Келе жатыр алыстан,
Кел билейік, үйренейік!
Ол келгенше жаңа жыр
Құтты болсын! Құтты болсын!
Құтты болсын Жаңа жыл!
Жүзімізде күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Жаңа жылды қарсы алып,
Барлық бала ән салып,
Ақшақар жүр би билеп
Қол соғады барша жұрт.
Шыршамыз да керемет,
Ойыншықтар тағылған!
Алыс жақтан келіп тұр,
Аяз ата сағынып.
Сағынып көп күткен
Атамыз келеді.
Алақай, алақай!
Көп сыйлық береді.
Көңіліміз жараса,
Ән шырқайық жаңаша.
Ақшақар мен шыршаның
Айналғаны тамаша!
Көрдің бе аяз атаны,
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны.
Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп ақ қала.
Мұрны сәбіз үп – үшкір,
Көзі көмір қап – қара!
Объяснение:
У настоящего мастера брака не бывает. 2 Бақыт кілті – еңбекте.
Ключ к счастью – в труде. 3 Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.
Сон освежает, труд закаляет. 4 Ермек қуған пәлеге жолығады, еңбек қуған қазынаға жолығады.
Праздно развлекающийся в беду попадёт, трудом увлекающийся богатство найдёт. 5 Адамды еңбек көркейтедi.
Человека труд красит. 6 Көңілсіз бастаған іс көпке бармайды.
Дело, начатое без души, к многому не приведёт. 7 Сен iстi сүйсең, iс саған бас иедi.
Если дело любишь, дело покоряется тебе.