М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
malinka140117
malinka140117
19.05.2021 23:45 •  Қазақ тiлi

1 САҒАТТАН КЕЙІН ТАПСЫРУ КЕРЕК ЯҒНИ 14:10
Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып,  жазба жұмысын (мақала, әңгіме, эссе немесе хат) жазыңыз.
Көнерген сөз, неологизм, термин, кірме сөз, кәсіби және диалект сөзді қолданыңыз.[8]

1)Өзіңіз жақсы білетін еңбек адамын негізге ала отырып, «Еңбек – ердің сәні» тақырыбында мақала жазыңыз.  

2)«Жаһанды жанарына сыйдырған ғарышкер» деген тақырыпта аргументативті эссе жазыңыз. Сөз саны - 150

👇
Ответ:
кемпінг
кемпінг
19.05.2021

1)Таудай талабы мен еңбегінің арқасында көркейген жандар арамызда аз емес. «Бақытын еңбектен тапқан жан» деп жатады халық даналығы мұндайда. Еңбекті жанына етене тұтып, еңбекпен есейген сондай жандардың бірі Ерлан Сұлтанов Ақмая ауылдық округіне қарасты «Ақмая» шаруа қожалығында тынымсыз еңбек етіп келеді.

Еңбек мектебінен алған тәлім адамға өмірлік азық болатынын ауданымыздан шыққан 41 «Еңбек Ері», егіс алқабында бар өмірін өткізген Ы.Жақаев, Ш.Қазанбаева сынды тұлғалар дәлелдеп келеді. Сол еңбек адамдарының ізін жалғап, жас Жақаевшылар қатарынан көрініп жүрген кейіпкеріміз Ерлан Тұрсынұлы 1985 жылы 8 ақпанда Шиелі ауданы, Ақмая ауылында дүние есігін ашады. Сырдың ақ маржанын жайқалтып, рекордтық өнім жинаған даңқты диқандар яғни, 16 Социалистік Еңбек Ері шыққан Ақмая ауылында туып өскен еңбекқор бала бүгінгі күні шаруа қожалықтың бригадирі атануы заңдылық.

Ол, 2002 жылы Қызылорда экономика және құқық колледжінде «Кеден ісі» мамандығы бойынша білім алады. Оқуды аяқтаған соң Отан алдындағы борышын өтеп, елге абыройлы оралады. Ерге тән болмысы қара күштің иесі екені батырға бергісіз тұлғасынан-ақ аңғаруға болады. Еңбек жолын 2007 жылы «Ақмая» шаруа қожалығында №1 өндіріс бригадасында есепші болып бастаған Ерлан Сұлтанов 2013 жылдан бері №3 өндіріс бригадасында бригадир қызметін адал атқарып келеді. Өзінің қажырлы адал еңбегінің арқасында еңбек ұжымында сыйлы. Тиісті жұмысты тиянақты орындай білетін жұмысшыға барлық әріптестері де қолдау көрсетіп, зор сенім артады. Оның адал да елеулі қызметіне серіктестік басшылығы да дән риза.

Егіс алқабындағы дәннің себілуінен бастап, соңғы жетілуі мен оны ору жұмыстарының қаншалықты маңдай терді қажет ететіні белгілі. Жұмысты бар ниетімен атқарған жанға еңбектің қиындығы байқалмай, тек еңбекке деген құлшыныс қана болады. Сол ынта жігердің арқасында 274 гектар күріш алқабының әр гектарынан 45 центнерден өнім алып, 1233 тонна сыр маржанын шашпай-төкпей қамбаға құйғаны үшін 2013 жылы аудан әкімінің «Сыр маржаны» атты дипломымен марапатталса, үстіміздегі жылы да алғыс хатты иеленген болатын. Маңдай термен өрілген әрбір еңбектің жемісін желдің өтінде қалдырмай, күзгі жаңбырға ұрындырмай, қыркүйектің қырына түспей, Сыр салысын ысырапсыз жиып-теріп, көктемгі егінге жерді жыртып қайта даярлау сынды қара күшті талап ететін нағыз еңбек осы диқандар қауымында десек жаңылыспаймыз.

Еңбек адамы дегенде көзге алпысқа таяған, өмірін атыз жағалаумен өткізген ардагерлерді елестете жөнелеміз. Алайда, еңбекке етене араласып, жас та болса бас болуға тырысып жүрген жас Жақаевшыларды ескерусіз қалдыруға да болмайды. Сондықтан, әр ауылдық округтің басшыларына құлаққағыс етіп, тынымсыз еңбегімен көзге көрініп жүрген жастар жайында мәлімет беріп отырса деген ұсынысымызды білдіргенді жөн көріп отырмыз. Сонда Ерлан Тұрсынұлы сияқты еңбекті шын жанымен сүйетін жас буын өкілдерін өскелең ұрпаққа үлгі ете отырып, еңбек мектебінің күш-құдіретін көрсетер едік.

2) Жаһанды жанарына сыйдырған ғарышкер. 20 Ақпан 2016, 15:31 1715 0. Қазақстанның аспан түстес байрағын жеті қат көкке шығарып, Ұлы даланы ұлықтай білген азамат Айдын Айымбетов – «Байқоңыр» айлағынан ғарышқа сапар шеккен үшінші қазақ. Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылдың екінші қыркүйегінде ол ресейлік Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты, даниялық Андреас Могенсенмен бірге «Союз ТМА-18М» кемесімен ұшқан. Күні кеше әлемнің 545-ші ғарышкері Айдын Ақанұлы Қостанай өңіріне келді. Мұнда тұрғындармен жүздесіп, жастардың сұрақтарына жауап берді, қаланың көрікті жерлерін аралады,.

Объяснение:

дұрыс деп оилаим

4,8(43 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
петро27
петро27
19.05.2021

1.Меніңше,зияны көбірек. Себебі, біріншіден, денсаулығымызға зақым тиеді. Екіншіден, жанды, тірі өмірден гөрі, виртуалды өмірде өмір сүреді.

2.Иә,бар. Мысалы, жеткіншектер бұрынғыдай доп қуалап ойнап емес, атыс-шабыс ойындарды ойнайды. Бозбала, бойжеткендер жаман ағымға түседі. Барлығы ондай емес. Бірақ бұл мәселе белең алып барады.

3.Көбірек сабақ оқып, спортпен айналысу, жаңа бір хобби түрін тауып, отбасы, достарынмен уақыт өткізу.

4.Ғаламтор мәдениеті, жеке менің пікірім бойынша, эвфемизм сөздерді қолданбау, ешкімге тіл тигізбеу және жалған ақпарат таратпау.

Объяснение:

Сәттілік!☺️

4,7(72 оценок)
Ответ:
Aina64
Aina64
19.05.2021

Туркеста́н (каз. Түркістан) — город на юге Казахстана, недалеко от реки Сырдарья. С 19 июня 2018 года является административным центром Туркестанской области (ранее — Южно-Казахстанская)[6]. Один из древнейших городов Казахстана. Расположен в 160 км к северо-западу от Шымкента на Ташкентской железной дороге между Кызылордой и Ташкентом.

Самое раннее упоминание топонима «Туркестан» содержится в документе на бумаге 639 года, представляющего собой письмо на согдийском языке из 25 строк о продаже в рабство самаркандской девушки. Документ был найден в 1969 году вместе с китайским документом 628 года близ Турфана[4]. В скандинавской Саге об Инглингах (XIII век) упомянут Тюркланд (исл. Tyrkland) к востоку от Асгарда (страны асов или ясов).

С понятием Туркестан обычно связывают земли таких современных государств как Узбекистан, Туркмения, Киргизия, Казахстан, Таджикистан и Синьцзян-Уйгурский автономный район Китая, тюркоязычные регионы юга Сибири, а также север Афганистана и Ирана.

Во второй половине XIX века Туркестан нередко делился (достаточно условно) на Западный (Русский), Восточный (Китайский) и Южный (северная часть Афганистана и Ирана). В Западном и Восточном Туркестане проживало преимущественно тюркское население, в Южном — ираноязычное.

В середине 1920-х годов термин Туркестан постепенно вышел из употребления и был заменён первоначально в русской географической традиции термином Средняя Азия, затем этот термин стал употребим в географической литературе всех 15 советских республик Союза ССР и был канонизирован советской цензурой. В мировой географической традиции регион является частью Центральной Азии. После распада Союза ССР состоялось несколько научных конференций, где было предложено отказаться от употребления термина Средняя Азия[источник не указан 470 дней] в пользу общепринятого в мире термина Центральная Азия (который включает, кроме бывших советских республик, также часть земель Китая и Афганистана).

Түркістан (Қаз. Түркістан) - Қазақстанның оңтүстігінде, Сырдария өзенінен алыс емес қала. 2018 жылдың 19 маусымынан бастап Түркістан облысының (бұрын - Оңтүстік Қазақстан облысы) әкімшілік орталығы болды [6]. Қазақстанның ең көне қалаларының бірі. Шымкенттен солтүстік-батысқа қарай 160 км жерде Қызылорда мен Ташкент арасындағы Ташкент теміржолында орналасқан.

«Түркістан» топонимі туралы алғашқы ескерту қағаздағы 639 жылғы құжатта қамтылған, ол 25 жолды соғдылықтар самарқандтық қызды құлдыққа сату туралы хат. Құжат 1969 жылы Тұрпан маңынан 628 жылғы қытайлық құжатпен бірге табылған [4]. Скандинавиядағы Инглинг Сагасында (XIII ғ.) Асгардтың шығысында (Ас немесе Ясс елі) Түркланд (Тиркланд) туралы айтылады.

Түркістан ұғымы, әдетте, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан және Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, қазіргі Сібірдің түркітілдес аймақтары, сондай-ақ Ауғанстан мен Иранның солтүстігі сияқты жерлермен байланысты.

19 ғасырдың екінші жартысында Түркістан көбіне Батыс (орыс), Шығыс (Қытай) және Оңтүстік (Ауғанстан мен Иранның солтүстігі) болып бөлінді (шартты түрде). Батыс және Шығыс Түркістанда негізінен түркі халқы, оңтүстікте иран тілді халықтар өмір сүрді.

1920 жылдардың ортасында Түркістан термині біртіндеп қолданыстан шығып, орыстың географиялық дәстүрінде Орта Азия терминімен ауыстырылды, содан кейін бұл термин КСРО-ның барлық 15 кеңестік республикаларының географиялық әдебиеттерінде қолданылды және канонизацияланды кеңестік цензура. Әлемдік географиялық дәстүрде бұл аймақ Орталық Азияның бөлігі болып табылады. КСРО ыдырағаннан кейін бірнеше ғылыми конференциялар өткізілді, онда Орта Азия терминін қолданудан бас тарту ұсынылды [дереккөзі 470 күн белгісіз] жаһандық деңгейде қабылданған Орталық Азия терминінің пайдасына (бұған бұрынғыдан басқа) Кеңес республикалары, сондай-ақ Қытай мен Ауғанстан жерлерінің бөлігі).

4,8(19 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ