Жігіттің сырт бейнесін теңеу мен метафораны қолдана отырып, сипаттап жазыңыз. Жігіт сыны. Жігіт боп гауһар тастай асыл болса Әлсізге жаны кілең ашыр болса Әрқашан жігіт сондай тәуір болмас , Не пайда шүберектей жасыл болса , Көзі де , көңіл де соқыр қараңғының , Несі адам түк білмейтін масыл болса , Наркескен қайрылмайтын қылыш болса , Мінез ақыл , өнері дұрыс болса . Бір сырлы , сегіз қырлы болса жігіт Жорғадай тілі майда жүріс болса Ақылды , сабырлы ер деп соны айтамыз . кені берекелі жұмыс болса . Бұл айтқан ақылымда жалған бар ма ? Көріңдер миға салып бұрыс болса . Бозбала шамшырақтай фанар болса , Ішінде қалың топтың жанар болса . Ақиқат адамдықтың белгісі сол , Су берсең , балдай көріп қанар болса . Ақылсыз кейбіреудің мінезі сол , Бір сөзді екі қылып жамар болса Бұл саған айтқан , досым , есиетім , Жүре бер тыңдамай - ақ залал болса .
Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем болған.