Баламалы энергия көздерін іздеудің бүгінгі күні маңызы артып отыр. Энергияны шектен тыс пайдаланудан бүгінде жер бетінде жахандық жылыну үрдісі жүруде. Ал жер бетіндегі температурының көтерілуі, жахандық жылыну бүгінде әлем елдерінің басын қатырып отырған мәселе. Осы орайда баламалы энергия көздерін табу, табиғаттың өзін энергия көзі ретінде пайдалануға ынта жоғары болып отыр.
Ғалымдардың зерттеуіне сенсек, сағат сайын Жер Күннен 1014 кВт сағ энергия алады. Күн энергиясының 1-2 % -і жел энергиясына түрленеді. Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді – энергия көзі ретінде пайдаланған. Жел энергиясын пайдаланып желкен көмегімен жүзген. Жер суландыру кезінде, жел диірмені ретінде дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін қолданған. Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе асып түседі.
Бұл туынды драма болғандықтан кейіпкерлердің сөйлеген сөздері мен іс-қимылдары интонация мен сезімге толы болып табылады. Басты кейіпкер - Қамажай, алдынан шыққан қиыншылықтарды көтере білген, бауырларына қамқор жан туралы айтылады. Драмада Қамажайдың өмірге құштар жан екенін байқаймыз. Ата-анасынан жастай айырылған ол - өз өмірін тек бауырларына арнаймын деп жеке өмірі жайлы ойлауды қояды, оны Қабен атты жігітке " Қабен ол...ол қиын сияқты, бауырларымды қиып тастай алмаймын, олар әлі мен үшін бала, өздігінен өмір сүретініне күмәнім бар..." деп ұсынысына кері жауап қайтарғанынан білеміз. Драмада Ремаркалар тобының аздығы (Ремарка - қысқа түсіндіру түрінде келетін автор сөзі) бірден көзге түседі. Сондықтан Шығарма шиеленісті түрде жазылған, әрі терең философиялық мағынаға ие. Көп адамның сұранысын тудыратын шығарма.