1) Жеке кәсіпте клиент издеу базасы оте маңызды. 2) Строис қызметін пайдаланып жиi видео фотосуреттер жариялап тұру керек.
Баламалы энергия көздерін іздеудің бүгінгі күні маңызы артып отыр. Энергияны шектен тыс пайдаланудан бүгінде жер бетінде жахандық жылыну үрдісі жүруде. Ал жер бетіндегі температурының көтерілуі, жахандық жылыну бүгінде әлем елдерінің басын қатырып отырған мәселе. Осы орайда баламалы энергия көздерін табу, табиғаттың өзін энергия көзі ретінде пайдалануға ынта жоғары болып отыр. Су энергетикасы – энергетиканың су қорларының қуатын пайдаланумен айналысатын саласы. Гидравликалық турбина, электрмашинасы жасалып, электр энергиясын едәуір қашықтыққа жеткізу тәсілі табылғаннан кейін, сондай-ақ су энергиясын су электр стансаларында (СЭС) электр энергиясына түрлендіру жолының жетілдірілуіне байланысты су энергетикасы электр энергетикасының бір бағыты ретінде дамыды. СЭС –жылу электр стансаларына қарағанда жылдам реттелетін, икемді энергетикалық қондырғы.
Бұл үдерістен Қазақстан да артта қалған жоқ. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз»,- деген еді. Қазіргі уақытта жел мен Күн сынды баламалы энергия көздерін пайдалану - жоғары дәрежеде деп айту қиындау. Өйткені мамандардың есебі бойынша елімізде жалпы жаңғыртылатын энергия көздерінің үлесі 1 пайыз екен. Бүгінде Қазақстанның жер қойнауы табиғи қазбаларға бай болғандықтан энергия тапшылығы айтарлықтай байқалмайды.
Егер мен алтын балық ұстап алсам...
Бір сәт қиялға беріліп, арманның жетегіне еріп, ертегідегідей алтын балық ұстап алсам, қайтер едім? Қандай тілек тілер едім? деген сұрақтарға жауап іздеп көрейінші...
Әрине, қазіргі материалдық қоғамда ең алдымен ойымызға көп ақша келетіні сөзсіз, себебі қалтаңда ақшаң жеткілікті болса, біраз нәрсеге қол жеткізуге болатыны сөзсіз. Ең бірінші ойыма ақша келгенімен, өмірдегі басты құндылық ақшалай байлық емес, денсаулық пен отбасының амандығы екенін ұмытпаған жөн. Ата - әжелеріміз "ақша - су, бүгін бар, ертең жоқ" демекші, ақша тез жұмсалып кетеді. Сондықтан мен ең алдымен отбасы мүшелері мен өзімнің амандығымды тілер едім. Бұл – бірінші тілегім делік.
Тағы не сұрасам екен? Келесі кезекте отбасыммен әлем елдеріне саяхатқа аттанар едім. Ел аралап, жер көру, басқа адамдар мен мәдениетпен танысу, әрі ағылшын тілін қолданып, үйрену – менің арманым. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады.
Алыс, мықты, шыдамсыз, асып-сасып (болу керек)