Толағай туралы аңыз.
Бұрынырақта Сарыарқа жерінде бірнеше көшпелі ел өмір сүреді. Олар өте бақытты болады. Оларда барлығы болғандықтан олар әрдайым: «Бізде бәрі бар, барлығы жеткілікті, тек бір ғана нәрсе жоқ, ол біздің амандығымыз бен дәулетімізді қорғайтын батыр жоқ» дейді. Сонымен бір шаңырақта алтын тұлымды ұл бала дүниеге келеді. Баланың ерекшелігін көрген жұрт жиналып, дүбірлі той жасады.
Бала күн сайын, сағат сайын өсіп, аз уақытта нағыз батыр болып шығады. Оның туыстары оған көз тимеу үшін өз атымен емес, «Толағай» деп атайды. Сонымен бала «Толағай» аталып кетеді. Бір жылы жауын жаумай, жер құрғап қалады. Елдің жағдайы Толағайды қатты ойландырады. Сонда ол Дана ақсақалдан кеңес сұрайды. Сонда Дана ақсақал оған: «Балам, біз ашық жерде тұрамыз. Біздің жанымызда бұлттар тірелетін таулар жоқ. Сондықтан бізде жаңбыр да жаумайды» депті. Толағай сонда ақсақалға: «Сіз рұқсат берсеңіз, мен сондай тауды арқама арқалап әкелейін. Солай істеуге бола ма?» деді. Ал ақсақал оған: «Жаным, Толағай, сен өз туған жерің мен еліңді ойлап, уайымдап отырсың. Тауды арқалап әкелу оңай емес. Дегенмен, оңтүстікте алып Алатау таулары бар, олардың өз ақсақалы бар. Барып сол кісіден рұқсат сұрап көр!» депті. Дана ақсақал Толағайға батасын беріп, шығарып салады.
Толағай Алатау тауларына беттеп, алып тауларға жеткенде оларға сәлем береді. Тауларға өз бұйымтайын айтады. Көне Алатау таулары оны тыңдап, құрмет көрсетіп, түсініп, оның арқасына жас тауды салып береді. Толағай тауды арқалап, жолға шығады. Бас кезінде оңай көрінгенімен, уақыт өте келе тау ауырлап, Толағай шаршайды. Ол жас тауды арқалап, үйіне қарай аяңдап келгенше біраз уақыт өтеді. Қатты шаршаған Толағай туған жерінің шетіне жете бергенде құлап, ұйықтап кетеді, ал оның арқасындағы тау оның үстінен басып қалады.
Міне, сол уақыттан бері Толағай таудың астында ұйықтап жатыр деседі. Әлі күнге дейін ұйықтап жатыр. Ал ол арқалап әкелген кішкене жас тау, уақыт өте келе өсіп, «Толағай» деп аталуда.
Астана-Қазақстанның елордасы.Ол Есіл өзенінің бойында орналасқан.Астана қаласы бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші жылы Қазақстанның астанасы болып жарияланды.Мұнда көптеген ғимараттар,саябақтар бар.Астананың жанында Қорғалжын қорығы орналасқан.Осы қысқа уақыттың ішінде Астана гүлденген,дамып жатқан қала болды. 1998 жылы 6 мамырда - еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана қаласының туған күні ретінде мерекеленеді. «Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылындасыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.