М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
zolotuk123
zolotuk123
31.07.2020 07:38 •  Қазақ тiлi

2 көнерген сөздің түрін тап​

👇
Ответ:
annarykova40367
annarykova40367
31.07.2020

КОНСПЕКТ

Көнерген сөздер – тарихи шығармаларда ғана кездесетін, қолданыстан шығып қалған, мағынасы көмескі сөздер. Көнерген сөздер екіге бөлінеді: 1) тарихи сөздер; 2) архаизмдер.

Объяснение:Көнерген сөздер – күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорында сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер. Көнерген сөздер көнелену дәрежесі мен себебі және қолданылу сипатына қарай өзіндік лексика жүйесін құрайды. Көнеру дәрежесі бойынша:

а) мағынасы түсініксіз сөздер (байыз – байыз табу, кежеге– кежегесін кейін тарту);

ә) мағынасы түсінікті, бірақ сирек қолданылатын сөздер (бәйбіше, қатын, мыстан, алдаспан) болып бөлінеді.

Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай екіге бөлінеді: тарихи сөздер мен архаизмдер. Тарихи сөздердің көнеруі лауазымдық атаулардың, қоғамдық құбылылыстардың жойылуымен, сондай-ақ, әскери қару-жарақ, өндірістік құрал-жабдықтардың қолданыстан шығып қалуымен байланысты (болыс, сұлтан, барымта, ақ берен, айбалта). Архаизмдер халықтың күнкөріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпы, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып, ескіріп, пайдаланудан біржола шығып қалған сөздер (жаушы, дағара, ергенек, саптыаяқ, түмен, асадал, дүрия, патсайы, т.б.). Әйтсе де, қайсыбір көнерген сөздер жаңа мағына алып, сөздік құрамдағы белсенді сөздерге қосылуы мүмкін. Мысалы, жасақ– жасақшы, төре– төреші тәрізді сөздер қосымша жалғану арқылы қайтадан күнделікті қолданысқа ие болды. Көнерген сөздер тарихи өзгеріп отыратын лексика-семантикалық құбылыс.[1][2]

4,6(76 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
IvanPAW2145778
IvanPAW2145778
31.07.2020
Тілеушінің бір беті қара,
Бермеушінің екі беті қара                                                                                                                                                                                                               Бермегенді беріп ұялт                                                                                                                                                                                                                   Чтобы пристыдить скупого, сам его одари                                                                                                                                                          Алтын көрсе періште жолдан таяды.
4,5(83 оценок)
Ответ:
olegtab34
olegtab34
31.07.2020

Сағаттың шықылдағы емес ермек,

Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.

Сағаттың өзі ұры шықылдаған,

Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.

Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,

Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман.

Өткен өмір белгісі осы сыбдыр,

Көңілді күнде сындыр, әлде тындыр.

Ақыл анық байқаған қылығыңды,

Қу шыққансып қағасың босқа бұлдыр.

Күн жиылып ай болды, он екі ай жыл,

Жыл жиылып, қартайып қылғаны бұл.

Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,

Жалғаны жоқ бір тәңірім, кеңшілік қыл.

4,4(66 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ