М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Koketka2506
Koketka2506
17.12.2022 20:34 •  Қазақ тiлi

Тіл, сөз өнері туралы айтылған мақал-мәтел мен өлең шумақтарын жина​

👇
Ответ:
2004080111
2004080111
17.12.2022

1. Ана тілің алпыс тілге татиды.

2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.

3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.

4. Тіл - достықтың алтын көпірі.

5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.

6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.

7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.

8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.

9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.

10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.

Объяснение:

3. «Ана тілім» — Несіпбек Айтұлы

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім,

Егер сені білмесем.

Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,

Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.

Туған анамды ұмытқаным емес пе,

Туған тілім,

Егер сені ұмытсам.

Сенің арқаң өзімді өзім түсінсем,

Ақыл-ойым, айбатым-сен, күшім-сен!

Қойсын маған күннің нұры түспей-ақ,

Ана тілім,

Арыңа дақ түсірсем.

Ағытатын тасқын ойдың тиегін,

Өзің ғана сыйынатын киелім!

Ризамын отқа жанып сен үшін,

Күлге айналып кетсін мейлі сүйегім.

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қуанышым, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

Ана тілім,

Алтын ұям, құндағым,

Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.

Сенің жырың, сенің әнің айтарым,

Санам сөніп, байланғанша тіл-жағым

4,7(99 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
NoProblem75
NoProblem75
17.12.2022
жаңа жұмыс «Болашақ кәсібі - инженер»
Инженер - техникалық құрылғылармен жұмыс істейді біреу. аты өте мамандығы латын сөзі «әдептілік», «отыр», «көркем», «изобретательность», «білім» шыққан.
Менің әкем мен ағам - Менің отбасым өзінде екі инженерлер бар. Сондықтан мен кодтары және сандар жазылған, сурет салу ортада бала кезінен математика оқулықтар мен дәптерді өсті.
Менің әкем, Джордж Г., бұрын әскери зауытта инженер-конструктор болып жұмыс істеді. Қазір бұл сондай-ақ, дизайнер жұмыс істейді, бірақ ауыр машина жасау кәсіпорынның көшті. Ал бауырым Коля - күрделі бағдарламалық қамтамасыз дамып келеді компанияның бағдарламалық қамтамасыз ету инженері. Мысалы, қазір олар ұялы телефондар мен планшеттер үшін қосымшалар астам бері.
4,4(64 оценок)
Ответ:
dasha5282
dasha5282
17.12.2022

Жаңа технология жетістіктері.

21 ғасыр ғылым мен техниканың дамып, жаңа белеске шыққан кезеңі десем, артық болмас. Бұлай айтуымның себебі, бүгінгі таңда ғалымдар күн сайын технология әлемінде түрлі жаңалықтар ашып, тіпті адам өмірін жеңілдететін адамға ұқсас роботтарды ойлап табуда.  

Бүгінгі үдемелі жаһандану кезеңінде, әлем күрделі технологиялық серпінді өзгерістердің табалдырығында тұр. Өмірге бұрын-соңды кездеспеген материалдар, тұрмыс бұйымдары, өндіріс құралдары, қалдықсыз, қауіпсіз қуат көздері келе жатыр.

Қазіргі таңда адамдар үш ұйықтаса түсіне кірмеген түрлі өнертабыстар күн сайын ойластырылып, жасалуда. Мысалы, бұрын адамдар көз майын тауысып, қағаз басу үшін қаншама әріп терсе, ендігәрі оның барлығын электронды түрде көшірме жасап немесе сканерлеп алуға болады.  

Заман алға жылжыған сайын өнертабыстағы жаңа технология ғасыры жаңарып барады. Өткен ғасырда әйгілі Нобель сыйлығына ие болған ғылыми жаңалықтың тұрмысқа енуіне 30-40 жыл қажет болса, бү-гінде бұл уақыт қас пен көздің арасында ғана, ен көп дегені 4 - 5 жылдан аспайды. Тіпті ойламаған нәрселердің өзі өнертабыстың құрамдас бөлігі ретінде кәдеге асып жатыр. Технологиядағы жаңа дәуірде көздің жауын алатын әлі талай өнертабыс түрлері ойластырылатынына сенімдімін.

Бұл қазіргі уақыттың қажеттілігі мен тенденциясы деп айтсақ та болады.

4,4(40 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ