1991 жылдың 16 желтоқсан күні еліміздің өмірінде тағы бір жарқын беті басталған. Әлем халықтарының арасында пайд болған жаңа жұлдыз - Қазақстан Республикасы. сол күні біз өзіміздің тәуелсіз Қазақстан жолын, өз болашағын құруға құқылы болдық. Сол күннен бастап жиырма бес жыл өтті. Бұл үлкен оқиға үшін барлық Қазақстан оны тойлайды. Ол жәй ғана мейрам емес, ол жұмыстардың нәтижесі және Қазақстанда тұратын барлық халықтардың достастығы. тәуелсіздік басымдылықтары туралы классиктерінің бірі болып айтқан «Ұлттық егемендік -бұл, үздік мектептің ақыл мен халқының жаны, оның негізгі артықшылықтары сақтаудың жалғыз құралы болып табылады» .
Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп.
Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек.Наурыз мерекесіне тән — көпшілікке наурыз көже даярланады, ол тағам жеті түрлі дәмнен даярлануы шарт. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар.
Үй иесі үлкен кісілерден наурыз көжеге бата сұрайды. Ол кісілер:
«Пәле-жала жерге енсін!
Төрт түлік ақты болсын!
Өрісің малға,үйің жанға толсын!
Ақ мол болсын!» деп бата беріледі.