Кез келген тәуелсіздікке қол жеткізген ел, оны әлем танымай дамудың даңғыл жолына түсе алмайды. Бұл – уақыттың талабы. Томаға тұйық өмір сүрудің уақыты өткен. Әлемдік интеграцияға қосыла отырып қана әр ел өзінің экономикасын дамыта алады, қауіпсіздік нығайтады, сол арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл ең алдымен елдің сыртқы саясатына байланысты. Бейбітшілік – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды .Бірақ нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат қоғамы соғыстардан көз ашпады. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5.5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» етіп тұрыпты. Қалған уақыттың бәрінде «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал»-деген қағидамен өмір сүріппіз. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десекте, әлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты соғыстар, қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер жиі кездесуде. Батыстың бір ғалымыныңесептеуіне қарағанда өткен ХХ ғасырдың соңғы 45 жылында әлемде бар жоғы 12 ғана «бейбіт» күн болыпты. Кейінгі 40 жылдың ішінде ғана дүниежүзінде 250 соғыс болып, 354 млн. адам қаза тауыпты. Сөйтіп, бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау, бейбітшілік үшін күресу – ХХІ ғасырдың да өзекті мәселелерінің бірі болып, мұраға қалдырылды, Халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті сондықтан жалпы адамзаттың құндылықтар қатарына қосып отыр.
Күшігім еркелей білетін,
Кейде ол шәуілдеп үретін.
Жата қап аяғын көтерсе
Көргендер еріксіз күлетін.
Тойған соң томпайып жататын,
Бір тәтті ұйқыға бататын.
Түсінде мысықпен алысып,
Жүретін бөлмеде жарысып.
Қарасам, міне енді өсіпті,
Ит бопты кәдімгі қабаған.
Әуелі өзіме өшікті
Күнәм жоқ бір рет сабаған.
Мақтайды біреулер даурығып,
Қасқыр деп итімді қабаған.
Мен жүрмін кете алмай айығып,
Өз итім түсірген жарадан,
***
Отырсам үндемей үйімде,
Тоқмейіл, ақпейіл күйімде.
Келуші көбейіп кетеді
Шашымның ағынан сүюге.
Мақтауға бәрі әзір, жайдары
Мейрімнің ағаға шегі жоқ.
Ақтарар сырларын қайдағы,
Бірінің дығы жоқ, кегі жоқ.
Сәл ғана өзгеріп қалпымнан,
Әділдік сөйлесем болғаны,
Біреуі алып қап алқымнан,
Союға әзір тұр қалғаны...
Тойған соң жататын пырылдап
Мен мысық емеспін, достарым,
Жан болып жүрген сон, шырылдап
Айтамын арымның қосканын