М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
rusnaktaniusha
rusnaktaniusha
01.02.2022 09:09 •  Қазақ тiлi

Мәтіндердің мазмұн желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазыңыз. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін, есімді, етістікті сөз тіркестерін қолданыңыз. Ғарышты игерген ел
Ғарыш – алаштың да аяулы арманы еді…Себебі ғарыш көгінде самғау, шексіздік әлемімен қауышу дүниежүзі елдерінің әрқайсысының-ақ асыл арманы саналатын. Солардың қатарында ежелден өр туған қазақ та ғарышқа құлшына қол созды. Армандады… Ел Тәуелсіздігінің қарсаңында сол арманына жетті де. 1991 жылдың 2 қазанында тұңғыш қазақ ғарышқа ұшты! Айта салғанға ғана сондай жеңіл сөз. Ғарышқа ұшу жеңіл болып па еді?! Жеңіл болса, Юрий Гагариннің өзі неге 2500 әскери үздік ұшқыштың арасынан іріктеліп, таңдалып алынды?
Тұңғыш қазақ ғарышкері суы тартылып, тұзды бораны үдеп тұрған Арал теңізінің аумағын сегіз күн бойы ғарыштан суретке түсірді. Сурет болғанда қандай! Мәскеу ол тұста «Наны көп Қазақстанға» ел аумағынан түсірілген көлемі 18х18см болатын ғарыштық суреттің бір данасын мемлекеттік бағамен 30 мың сомға сатқан! (Ол кездегі кеңестің 97 тиыны 1 АҚШ доллары екен.).
Ғарыштық тәжірибе жасауға бейім қазақ ғалымдарының кейінгі тәжірибелерін Талғат Мұсабаев ұзақ мерзімді ғарышта өткізген үш сапарында (1994, 1998, 2001 жылдар) ойдағыдай жүзеге асырды. Зерттеуші-ғарышкер кәдімгі бидай дәнінің клеткасына осы тектес әрі тұқымдас дақылдың ДНК-сын салып, генетикалық трансплантация жасады. Салмақсыздық жағдайында «буыны» босаған бөгде дақылға осылайша экспансиялық әрекет ету арқылы бірегей тәжірибе жасалынды.
Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш саласына қатысты тарихының жаңа парағы 2006 жылдың 18 маусымы күні ашылды.
Осы күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан қазақстандық тұңғыш «KazSat» Жер серігі ұшырылды. Аса маңызды тарихи салтанатқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысты.
Қараша айында «KazSat» жер бетіне жиілетіп телехабарлар таратып, жедел интернет-коммуникациялық қызмет үлгілерін көрсете бастады. 2007 жылдың аяғында да қазақстандық Жер серігіне жоспарланған жұмыстың 70 пайызы жүктеліп, ақаусыз әрі қалыпты жұмыс істеп тұрды.
Талғат Мұсабаевтың қамқорлығымен АҚШ азаматы Деннис Титоның халықаралық ғарыш кешенінде болып қайтуымен ғарыш саласындағы туризм дәуірінің басталғанын да көпшілігіміз білеміз. Талғат Мұсабаевтың ашық космоста болған уақыт мерзімінің ұзақтығына сәйкес Гиннестің рекордтар кітабына кіргені ше… Мұның бәрі де қазақ ғарышы тарихының жарқын беттерінен алынды!
Күні кеше ғана ғарышта болып қайтқан тағы бір қаһарманымыз – Айдын Айымбетов. Ол қазір Ұлттық ғарыш агенттігінде кәсібіне сай лайықты қызметін абыроймен атқаруда. Айдын Айымбетов – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген 1991 жылғы «Қазақстан-Ғарыш» жобасының бүгінгі заңды жалғастырушысы.

👇
Ответ:
messaivi
messaivi
01.02.2022

ответ:юрийй гагарин айға ұшқан

Объяснение:

Ол жерге түсті

4,8(50 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ksussshhhaaa
ksussshhhaaa
01.02.2022

Ұнағанын ал

Ғалымдар арасында климаттың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан, сарапшылардың жалпы пікірі климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін дегенге келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиян­ды 90 миллиард еуроға тең деп бағамдады.

Осыған байланысты әлемдік ғылымда зерттеудің басым ба­ғытын қоршаған орта климатына бейімдеуге назар аудару­ болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда, та­би­ғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз етуші ауыл шаруашы­лығына тікелей байланысты.

Климаттық өзгеру

Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, сонымен қоса Орталық Азия, басқаларға қарағанда, климаттық өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Оның ішінде, Қазақстанның климатына әсер етіп, онсыз да толыққанды қолдауды қажет етіп отырған ауыл шаруашылығын күнкөріске айналдырған аймақтарға үлкен зиян келтіруі әбден мүмкін. Бұл аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа райымен байланысты Ал, кейбір аймақтарда жағымсыз ауа райы салдарынан алынған өнімнің 50-70%-ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр.

4,7(91 оценок)
Ответ:
bozenka20042004
bozenka20042004
01.02.2022
      Менің байлығым, барым, нәрім... Ол сенсің – кітабым! Қай кезде де сарқылмайтын, ескірмейтін білім бересің де тұрасың. Оның есесіне ештеңе де сұрамайсың. Жан баласынан  шексіз мейірбансың, ақылы  тасқан данасың. Әркез санама рухани тыныштық ұялатып, сабырға шақырасың. Сөйте отырып күлкі сыйлап, бір кез жылатып та аласың. Сол үшін де сені шынайы дос санаймын. Сенің түрлі-түрлі кітаптарыңды оқып болғасын  беттерді парақтай отырып әрбіріңді алғысым ретінде бір сипап, маңдайыңды сүйгендей мұқабаңды сүйемін ғой кіта Олай сүюімнің де себебі бар. Оны өзің де білесің. Бүгінгі күні сенің орныңды осал, арзан дүниелер ысырып жатыр. Көксандықтың да  көрсетіп жүрген ортақол шоулары халықтың талғамын бұзды. Осынау арзан, болмашы бағдарламалар ойлауға мұрша бермейді. Бұл жәйтті қоғам көре тұра еш шара қолданбайтынын көріп ішім қан жылайды. Кітап оқып отырған адамды көз алдыңызға елестетіп көріңізші! Ол көркем әдебиет атты қиял-ғажайып, тылсым әлемге енеді. Оның өмірге деген құштарлығы пайда болады, қызығушылығы оянып, ойлануға мүмкіншілік туады. Мұндай сезімді сезіну де бір ғанибет қой оқыған адамға!

   Ұлы философ Бэкон кітап жайында: «Кітап – заманалар толқынында тербеліп, көкірегіндегі қастерлі  қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі»  деген екен. Сол ой кемесі – кітаптар арасынан маған, менің жан дүниемнің шартарабына әманда достық еншісіндей жұбаныш болар бір кітап бар. Ол – Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы. Қанша оқысаң да қайталап оқи бергің келетін көркем дүние  дер едім мен оны. Жазушы жасаған образдарының шынайылығы мен үндестігі сені еріксіз тылсым әлемге жетелейтіндей. Бір ғана махаббат сөзіне көп  мағына беретін автор сөздері бүгінгінің жастарының жетесіне жетерліктей ой салады. Ұлы Отанның патриоты етіп сезінтіп, оны махаббатым деп,  Ербол арқылы тегіс қазақия жастарының бойына үлгі етеді. Иә, кеудесінде адамгершілік, берік махаббат ұя салмаған адам анасына да, Отанына да адал бола алмайтыны анық. «Әр жастың жүрегінде асыл махаббат болсын, сол махаббат әр жас отбасының алтын діңгегіне айналсын. Тек әр отбасының ғана емес, махаббат деген асыл жібекке түйілген отаншылдық, еңбекшілдік, достық, туыстық, бауырластық,  дәстүріне деген жан-тәнімен берілгендік сезімдері біздің Ұлы Отанымыздың алтын діңгегі болсын!» - деп автор ел жанашыры ретінде жүрек жарды сөздер арнайды.Осындай  майталман жазушылар, көркем шығармалар, оқырмандар көбейе берсе екен.
4,8(64 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ