М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
rozhkoff
rozhkoff
11.04.2022 05:47 •  Қазақ тiлi

Балалар әдебиетінің атасына хат​

👇
Ответ:
ansarildar
ansarildar
11.04.2022

Балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап шығарма жазған бірінші қазақ жазушы болып табылады. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай өңірінде, дүниеге келген. Ол нағашы атасы, Торғай өңіріне белгілі Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.

Үміт еткен көзімнің нұры балам,

Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.

Атаң мұнда анаңмен есен –аман

Сүйініп сәлем жазды бүгін саған...

деп он жасар немересі Ыбырайға хат жолдаушы сол атасы еді.

19 ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы демократы Ы. Алтынсарин. Ол қазақ жастарын оқыту халықты сауатандыру саласында балаларға жазба әдебиетінің негізінде зор педагог.

Ы. Алтынсарин тұңғыш ағартушы –педагог болуымен бірге, баларға арнап көлемі шағын, мазмұны мәнді ондаған өлеңдері мен әңгімелерін қалдырған жазушы. Ол өзінің Қазақ балалар «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш оқулығын «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңімен ашып, онда жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырады.

Оқысаңдар, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей –ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық,-

деп оқудың пайдасын жастардың санасына сіңіреді.

Бұл өлеңде ақын бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым –білімге мән бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді. Өмірде сарқылмас мол байлық –білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей –жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді.

Ыбырай жастардың білімді адам болудағы мақсат, міндеттері –халқына пайдасын келтіру, өнер –білім меңгерудің арқасында өз елін «тастан сарай салдырған», от пен суды пайдаланып, «отынсыз тамақ пісірген, теңізде кеме жүргізген» мәдениетті елдердің қатарына жеткізу деп біледі.

Келешекке сенімі мол Ыбырай өзі орындай алмаған істерді жастар орындайды деп сенді. Өзін қоршаған ортаның қараңғылығы мен надандығын шеней келіп:

Біз надан боп өсірдік,

Иектегі сақалды.

«Өнер –жігіт көркі», -деп,

Ескермедік мақалды.

Біз болмасақ, сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды-

деп жастарға зор үміт артты.

Өнер –білім бар жұрттар

Өнер –білім бар жұрттар Мал істейтін жұмысты

Тастан сарай салғызды. От пен суға түсірді,

Айшылық алыс жерлерден Отынсыз тамақ пісірді.

Көзіңді ашып –жұмғанша Сусынсыз сусын ішірді.

Жылдам хабар алғызды Теңізде жүзді балықтай

Аты жоқ құр арбаны, Дүниені кезді жалықпай,

Мың шақырым жерлерге Білгендерге осылар -

Күн жарымда барғызды. Бәрі –дағы анықтай,-

Адамды құстай ұшырды Білмегенге танықтай.

4,5(3 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

Объяснение:

Екінші суретте Қазақстан Республикасының конституциясы, яғни біз тұрып жатқан елдің заңдары жазылған кітап бейнеленген. Ол үнемі жаңа заңдармен толығып отырады. Заңдар парламент мәжілісімен бекітіледі, кейін сол бойынша еліміз өмір сүретін болады және барлық бөлімше Конституция заңдарына сәйкес өмір сүруге, әрекет етуге тырысады.

Суретте Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев бейнеленген. КСРО ыдыраған соң әлі жас болса да ол елімізді басқаруға кірісті. Еліміздің экономикасын, халқымыздың әл-ауқатын көтерді, әлбетте барлығы бірдей іске аса қоймады, алайда жұмыс әлі күнге шейін жүргізіліп жатыр. Қазір жасына байланысты отставкаға кетсе де демалып жатқан жоқ, жаңа президентке ел басқаруға көмегін тигізіп жатыр.

4,5(49 оценок)
Ответ:
meowpeww10
meowpeww10
11.04.2022

Бабадан қалған асыл сөз: Қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың Отан, патриотизм туралы нақыл-өсиеттері, даналық ойлар мен қанатты сөздері. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі тойына орайластырылған осынау жинақта Ұлы даланың шешендік өнерінде терең із қалдырған ұлы ғұламалар мен дана ойшылдардың, ақын жазушылар мен мемлекет қайраткерлерінің, ел билеген қағандар мен әскери қолбасшылардың, данашпан тұлғалардың ел ішін ауызбірлікке, татулыққа шақырған салиқалы ой толғаныстары, келер ұрпаққа арнаған өнеге өсиеттері, қанатты сөздері, сондай ақ отан туралы, тіл туралы жыр толғаулары мен өлең, дастандарынан алыңған үзінділер уақыт елегіне сай, хронологиялық тұрғыдан топтастырылған.

4,7(41 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ