Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин шығармалары қазақтың қара домалақ балалары үшін үлкен мағынаға ие. Әсіресе, оның «Қазақ хрестоматиясы" оқулығы мектеп табалдырығын енді ғана аттаған бүлдіршіндерге рухани азық болды. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілейін деп тұрған өтпелі кезеңінде Ыбырай жас жеткіншектерге ой салатын, тәрбиелік мағынасы мол, түрлі қызықты әңгімелерді көптеп жазуға тырысып бақты. Мысалы, ағартушының «Мейірімді бала» әңгімесі тәрбиелік мағынаға тұнып тұр десек артық айтпағанымыз. Оған дәлел ретінде Сейіт бала туралы мына бір әңгімесіне құлақ түріп көрелік:
Сейіт орам үстінде жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп шошынғаннан шешесі есінен танып қалады. Мұны көрген соң, Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып танып жатқанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатады. Сонда сынықшы кісі:
- Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? -деп сұрайды. Сейіт, шешесі шығып кеткен соң, демін алып, сынықшыға сыбырлайды:
- Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесін деп, шыдап жатырмын,- дейді.
Сейіт өзінің жас шамасына қарамастан жіберген қатесін түсінді. Ол екінші рет зар жылап, көз жасын көлдететін болса, ардақты ананың баласының еңіреген даусын ести алмай, талып қалатынын алдын ала сезгендей болды. Онсызда баласының қамын ойлап, зыр жүргіріп жүрген анасына қосымша жүк болмауды ойлады. Ер жігітке тән мінез көрсетті. Ішінен: «анашым сәл шыда өсуіме аз қалды» дегендей сезім қалдырды. Сейіттің мұндай іс-әрекеті екі түрлі мағына береді: алғашқысы балалықтан өтіп жауапты да дербес жетілгендікті білдірсе, екіншісі түн ұйқысын төрт бөлген анасын ерекше қастерлегенін айшықтайды.
Қортындылай келе Ыбырай Алтынсарин «Мейірімді бала» әңгімесінде адамдық қасиеттерді жақсы сипаттаған. Бүгінгінің тілімен айтқанда ана мен бала арасындағы ерекше байланысты психологиялық тұрғыда еркін жеткізген
Шілдехана шілделік, шілде күзет – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы өмірге келгеннен кейін, жақындарына сүйінші сұрап жаушы жібереді. сүйінші хабарды жеткізгендер ұл туса – “ат ұстар” немесе “жылқышы”, қыз туса – “көйлек тігер”, “қырық жеті” немесе “сауыншы туды” деп хабарлаған. одан кейін туған-туыстар, көршілер және алыс-жақын ағайындар шілдеханаға жиналады да “бауы берік болсын” деп тілек айтып, шашу шашып келеді. шілдехана мәні алғаш нәрестені жын-періден қорғап, “күзету” деген сенімге саяды. сондықтан оны “шілде күзет” деп те атайды. бұл ғұрыптың түпкі мәні мен ананы тіл-көзден сақтау, жын-шайтандардан қорғау дегеннен туындаған. “шіллә” (“чілле”) парсы “қырық” деген мағына береді. дәстүрлі қазақ қоғамында үшін туылғаннан 40 күнге дейін қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп жолатпай, мен анасын жақсылап күткен (қ. қырқынан шығару). әсіресе, жас нәресте жатқан үйде үш (кейде 40 күнге дейін) күні бойы шам жағылып, “күзетілген”. кейіннен шілдехана ұлттық ойын-сауық кешіне айналған
Міне, қазір күздің екінші айы. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр.