Ақсақ киік
Басқаларынан оқшау қала бастаған жаралы киік оқ тигеніне қарамастан, шоқақтап келеді. Құс сияқты қанаты болмаса да, жерден биік көтеріле алмаса да, жас киік әлі ширақ көрінеді. Бірақ киік пен шапқан аттар арасындағы қашықтық бірте-бірте қысқара түсті.
Кедей ауылдың сыртында ойнап жүрген топ бала бұл көрініске таңырқай қалыпты. Киіктер көзден таса болып, қуғыншылар әбден көрінбей кеткенше топ бала аттылар соңында қалған бозғылт шаңның сүреңіне қарады да тұрды. Әсіресе, топ ішіндегі жасы онға жаңа келген қыз бала әлгі көрініске зер сала қарады. Жас болғанымен оның жүрегінде әлде бір аяныштың ізі қалып қойғандай еді.
(91сөз) С.Бақбергенов
Объяснение:
Эссе.
Қазақстанның ғажайып мұралары.
Жоспар.
Кіріспе.
Адамзат тарихының күретамыры.
Негізгі бөлім.
а) Халық мәдениеті.
ә)Қазақстанның тарихи, мәдени мұралары.
Қорытынды.
«Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады.
Бұл – бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениеті. Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» деп Елбасымыз айтқандай, Қазақстанның тарихи, мәдени мұралары ауыз толтырып айтуға жетерлік. Қазіргі кезде ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізімінде Қазақстанның 11 тарихи нысаны бар Бұл – Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Алматы облысындағы Тамғалы петроглифтер кешені, Сарыарқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері. Сонымен бірге, 2014 жылы бұл тізімге Тянь-Шаньдағы Ұлы Жібек жолының нысандары енді: Қаялық, Қарамерген, Талғар, Ақтөбе, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек қалашықтары. Бұл әлемде теңдесі жоқ мәдени тарихи мұралар. Оларды көздің қарашығындай қорғап, зерделеуіміз керек, келер ұрпаққа мирас қылып қалдыруымыз керек. Шығыс данышпандары ең терең құдық та кеуіп қалатынын, ең қатты тас та үгітіліп құм мен шаңға айналатынын айтып кеткен. Жер бетінде мәңгілік ештеңе жоқ. Тек тарих мәңгілік болуы керек! Керісінше «тарихи естелігі жоқ адамдар ғана ештеңе жоғалт¬пай¬ды», дейді қазіргі классиктер. Бұл тарихи мұралар еліміздің қазынасы екенін есте сақтайық.
Объяснение:
(Это не моё но надеюсь )
Объяснение:
Елордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына жиі барамын. Театрда қойылатын жаңа қойылымдардан қалмаймын десем болады. Ғажайып өнер ордасының тұрақты көрерменімін. Ондағы талай рөлдерді сомдап жүрген әртістердің шеберлігі маған жақсы таныс.
Мәселен, өзіме белгілі қаламгер Рахымжан Отарбаевтың тума таланттың азапқа толы өмірін өріп жазған «Әміре» драмасы қатты ұнады. 1925 жылы Парижде өткен Бүкілдүниежүзілік «ЭКСПО» көрмесіне қатысқан Әміре Қашаубаевтың тағдырына арналған туындының сахналық шешімдері көрерменді бейжай қалдырмады. Қойылымның режиссері Нұрлан Жұманиязов тың ізденістерге барған. Бас кейіпкердің Парижге барғанда халқымыздың тағы бір аяулы ұлы Мұстафа Шоқаймен кездесуі де, көрнекті қайраткердің жат жерде елді сағынып жүргені де шынайы берілген. Спектакльдің бас кейіпкері «Әміре» бейнесін театр әртістері Қасымхан Бұғыбай мен Асылбек Қапаев келісті сомдады.
Ал Қаллеки театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов қойған «Қызыл орамалды шынарым» атты лирикалық драмасы көрерменнің көңілінен шыққан спектакль болды. Қырғыздың әйгілі жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Арманым, Әселім» повесі негізінде сахналанған туындыда қос жастың адал махаббаты айрықша бедерленген. Ұзатылып бара жатқан жерінен туған-туыстарын тастап, сүйгенімен кете барған Әселдің өмірі де адамға терең ой салады. Бір-ақ рет жіберілген ағаттық Ілиястың отбасынан айырылуына әкеп соғады. Міне, осы оқиғалардың бәрі де өмірдің өзінен алынған.
Қысқасы, шаһардағы бас театрдың әр қойылымын қалт жібермеймін. Алғаш Ақмолада қазақ театры ашылғанда қуанышымызда шек болмады. Бүгінгі «Астана» концерт залында көрнекті суреткер Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері–Ақтоқты» трагедиясымен театр шымылдығы түріліп еді. Содан бері біраз уақыт өтті. Өнер ордасының арнасы кеңейді. «Астаналық» деген мәртебесі де бар. Үнемі театр ұжымына тілектес болып отырамын. Бізді олар жақсы дүниелерімен қуанта берсін!