М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kkhristinka1
kkhristinka1
29.01.2023 06:37 •  Қазақ тiлi

Жазылым. 10-тапсырма 135-бет Қарлығаш пен жыланды салыстырып сипаттап жаз. Қарлығаш Жылан

👇
Ответ:
nikiton22877
nikiton22877
29.01.2023

Қарлығаштың тұмсығы қысқа, тұмсығының түбі кең, езулерінің арасы алшақ. Қанаттары жіңішке әрі ұзын. Дене бітімі ерекше сымбатты. Саусақтары қысқа, әрі әлсіз, жерде жүруі ебедейсіз. Қ-тың қауырсыны тығыз, жотасы қара түсті жылтыр. Сыртқы түрінен еркегі мен ұрғашысының айырмашылығы байқалмайды. Дене тұрқы 9—23 см, салм. 10—60 г.

Денесі жұмыр, ұзын (ұзындығы 8 см-ден 12 м-ге дейін жетеді). Денесін мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар, арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орналасқан, ромбы тәрізді қабыршақтар жапқан. Бауыры көлденең жатқан ірі қалқаншалармен жабылған, олар бір-бірімен жұмсақ тері қатпарлармен жалғасқан. Ірі денелі жемтіктерді жұтқанда тері қатпарлары жазылып, құрсақ қалқаншаларының ұзына бойы созылуына мүмкіндік береді. Көздерінде қозғалмалы қабақтары болмайды, олар мөлдір қабықпен жабылған. Күндіз белсенді тіршілік ететін жыландардың көз қарашығы дөңгелек болса, ымыртта, түнде белсенді тіршілік ететіндерінде – тік бағытта орналасқан саңылау тәрізді

дұрыс па білмейм

4,4(61 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
elenaklass1
elenaklass1
29.01.2023

Объяснение:

Қорқыт ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Қорқыт ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз. Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра.

4,5(48 оценок)
Ответ:
рома1341
рома1341
29.01.2023

Ақшақар.

Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалған сыйлықтарын күтеді.

Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. Жаңа жыл жақсылық пен қуанышқа толы болып, армандарымыз іске асатын мезгіл деп те қабылдаймыз. Жасымыз есейе келе ертегіге сенбесек те, Жаңа жылдан бір ерекше сиқырды күтетініміз тағы бар.

Әсіресе балалар Аяз Ата мен Ақшақарды асыға күтеді. Біреулері Аяз Аятаның сыйлығына, екіншілері Ақшақардың көйлегі мен көз тартар сұлулығына қызығады. Кішкене қыз балалар көбіне ақ көйлек киіп, өздерін Ақшақар елестетеді. Аяз Ата мен Ақшақар балалардың өнерлеріне тәнті болып, әзірлеген сыйлықтарын ұсынады.

Әдетте, Жаңа жыл - отбасымен тойланатын мейрам. Аналарымыз, апаларымыз, жеңгелеріміз алдын ала дайындалып, тәттілерін пісіріп, жаңа жылдық дастарқан әзірлейді. Барлығымыз осы кең дастарқан басында жиналып, әңгімелесіп, қалжыңдасып, бір – бірімзге сыйлықтар сыйлап, естелік суреттерге түсеміз. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Елбасымыздың құттықтауын тыңдап, келер жылға зор үмітпен қараймыз. Ал сағат он екіні соғысымен бір – бірімізді құттықтап, есік алдына мерекелік от шашуды тамашалауға шығамыз.  

4,6(97 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ