Жануарлар дүниесі де биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен энергия айналымында негізгі рөл аткарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам түрі белгілі, олардың ішінде тек жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар.
Жануарларды зиянды және пайдалы деп тек салыстырмалы түрде ғана жеке топтарға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Өйткені табиғатта мүлде зиянды немесе мүлде пайдалы жануар жоқ. Табиғаттағы тіршілік тізбегінде олардың әркайсысының өз орны бар.
Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторлар әсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және т.б. жатады.
Көне түркі жазулары (басқаша Орхон-Енесей жазулары) — б.з. V ғ. — б.з. Xғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары.
Орхондағы Күлтегін ескерткіші - Орхон мұражайы, Хархорин, Моңғолия
Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзеніні бойынан (Екінші түркі қағандығы кезі) табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым тауып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі - онда негізгі велярлық және палаталдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған.
Объяснение:
наверное